• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
24 Тамыз, 10:26:38
Қорықшылардың материалдық-техникалық базасы күшейтіледі

14 Шілде, 2019 NEWS

Эрдоған – "қытайшыл ма", "орысшыл ма?"

Түркия түріктері бұл қорлыққа қашанғы төзер дейсің?..

Иә, Түркия президенті Эрдоғанның соңғы кездері ұстанып отырған саясатына қарап, оның таза түрікшіл емес екендігі ешқандай дау туғызбаса керек.

Түркия – Түркия болғалы  ешкімге және ешқашан да бодан болмаған мемлекет. Осман ипериясы деген атпен 700 жылға жуық дүниенің  көп бөлігін жаулап алған, оларға билігін жүргізген  империя екені өтірік емес.

Түркия түріктерінің, қайталап айтамын, біздегі қызыл империяның құлақкесті құлдары саналатын тарихшы ғалымсымақтар түрік халықтарын «түркі халықтары» деп кешегі Күлтегін жазбаларындағы қасиетті «ТҮРІК» атауын қасақана бұрмалап жазып кележақанын қайталап айтқым келеді.

Айтпақшы, өз басым 1992-2000 жылдар аралығында Қазақ телевизиясынан апта сайын әр қайсысы 30 минуттан тұратын «Түрік даналары» атты телебағдарламаның авторы әрі жүргізушісі болған кезден бастап «ТҮРІК» деп анық жазып келемін. Орысқұлдар сияқты «түркі» деп жазуға әлі де қарсымын.

Ал, енді осы Түркия түріктері – қай заманда да орыс пен қытайдың айтқанымен жүріп, айдағанына ешқашан да көнбеген, ержүрек, батыр да қахарман ұлт екенін өз басым мақтаныш тұтамын. Ал, Эрдоған болса, күн сайын қытай мен орыстың ығына жығылып бара жатқаны жаныңды аяздай қариды екен.

Қазір бүкіл әлем алаңдаушылық білдіріп отырған Қытайдың Шығыс Түркістанындағы ұйғыр, қазақ, қырғыздарды ашық орлап отырғанын, қандас бауырларымызды концентрациялық азап лагерлеріне қамап, жауыздықтың не сұмдығын көрсетіп жатқанын ашық жазып жатса, ана Эрдоған: «ондағы қандастарымыз бақытты өмір сүруде» деп, айды аспанға бірақ шығарып отыр. Ана орнына жабысып алған біздің «күн көсем де», оның қызы да, тұтас құл билік те, дәл сондай көзқараста.

Сонда деймін-ау, мына біздікілерді басқаша сайратып отырған қытай мен орыста не құдірет бар екен?

Тұқымынан ұры, жемқор, тексіз сорлыларды құртып отырған аналардан  олардың офшорлардағы есеп-шоттарына құйылып жатқан жүздеген миллиард долларлар ма екен деймін мен өзімше...

Эрдоған қытайды солай қолдаса, енді орыстың ракеталарын өз жеріне орналастыра бастағаны – оның түрік халықтарын емес, ана діні де, тілі де жат халықтардың ықпалындағы біреу екенін ашық көрсетіп отыр.

Нағыз патриот, туған ұлты үшін, жері мен елі үшін жан беруге әзір Түркия түріктері(бұл арада қазақ түріктері туралы айтудың өзі ұят сиқты) бұл қорлыққа қашанғы төзер дейсің?..

Сонымен, Эрдоған – "қытайшыл ма", "орысшыл ма?" -  әйтеуір оның таза түрікшіл емесі айдай ақиқат!

Сонда ол кім?

Автор: Жұмаш Көкбөрі

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір