• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 15:09:18
Алматы
+35°

Қазақстандық әнші Әділхан Макин халықаралық "Витебск-2019" жас орындаушылар байқауында көш бастап келеді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Бірінші күннің қорытындысы бойынша Әділхан Макин 90 ұпайдан 89 жинады. Ол Игорь Николаевтің  "Озеро надежды" әнін орындады. Байқауды беларус Иван Здонюк ашты. 

Конкурсанттар славян композиторларының шығармаларын орындады. "Бір ғана ұпай жетпей қалды. Жаратқанға мың алғыс, қазылар алқасына құрметім шексіз, мені қолдап жатқандардың барлығына алғыс айтамын", - деп жазды әнші Instagram желісіндегі парақшасында. 

Бастапқыда байқауда 18 елдің қатысушылары өнер көрсетеді деп жоспарланған, алайда Словакия мен Кубаның әртістері келе алмай қалды.

Осыған байланысты биыл 16 елдің өнерпазы бас жүлдеге таласады. Шараға алғаш рет Швейцария мен Қытай әншілері қатысып жатыр.

Биылдан бастап байқауға өзгерістер енгізілді: ұйымдастырушылар жартылай финалдан бас тартуды ұйғарған. Әртістердің вокалына Ресейдің халық әртісі Тамара Гвердцители бастаған әділ қазылар алқасы баға береді.

 

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 

???? #OMIRKUWTI #SlavyanskiiBazar

Публикация от Makin Adilkhan (@makin.khan)

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір