• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 14:32:34
+35°

15 Шілде, 2019 NEWS

Геннадий Головкин — ТМД елдеріндегі ең табысты боксшы

Forbes рейтингінде Головкин 95-орынға тұрақтаған және посткеңестік елдер арасында тізімге енген жалғыз спортшы атанды.

Forbes журналы 2019 жылы ең көп қаржы төленген спортшылардың тізімін жариялады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Тізімге қазақстандық танымал боксшы Геннадий Головкин енген. GGG-дің биыл тапқан жалпы табысы 25,5 млн доллардан асып үлгерді. Оның 23,5 миллион доллары - Роллспен айқасы үшін гонорар, ал 2 миллион доллар - демеушілік келісімшарттардан түскен.

Forbes рейтингінде Головкин 95-орынға тұрақтаған және посткеңестік елдер арасында тізімге енген жалғыз спортшы атанды.

Еске сала кетсек, канадалық боксшы Стив Роллспен кездесу Головкин үшін Dazn алаңындағы алғашқы айқас болды. Dazn-мен келісімшарт аясында 100 миллион долларға бағаланған тағы бес кездесу жоспарланып отыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір