15 Шілде, 2019 NEWS
Тоқаев Қорғаныс министріне қатаң сөгіс жариялады
Мен Жоғарғы Бас қолбасшы ретінде Қорғаныс министрлігіндегі істер жағдайына қанағаттанбаймын, сондықтан Сізге қатаң сөгіс жариялаймын
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевқа қатаң сөгіс жариялады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
–Қазір біз әскери жүйенің кемшіліктері мен бақылауының әлсіреуі салдарымен күресіп жатырмыз. Сіз Қорғаныс министрлігі жүйесінде жаңа адамсыз, бірақ болған жағдайы үшін толық жауап бересіз. Мен Жоғарғы Бас қолбасшы ретінде Қорғаныс министрлігінің жұмысына қанағаттанбаймын, сондықтан Сізге қатаң сөгіс жариялаймын, - деді президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір