15 Шілде, 2019 Саясат
Тоқаев: Қияли жоспар жасауды қойыңдар!
Үкіметтің кеңейтілген отырысында президент министрлерге шүйлікті.
Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қаржыландырылмайтын, күн тәртібінде жоқ жоспарларды жасамауды тапсырды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Президенттің айтуынша, 2018 жылғы индустриализациялау бағдарламасы небәрі 35 пайызға ғана қарыландырылған.
"Бұл жерде де қате жоспарлау көрініс береді. Қаржыландырылмайтын дүниені жоспарлаудың қажеті қанша? Қиялдан туған нәрселерге сеніп келеміз. Қажет деп танылған бағдарламаларды қаражатпен қамтамасыз ету керек.
Менің үкіметке тапсырмам – үшінші бесжылдықта индустриализациялауға баса мән беру. Әрбір іске прагматистік көзқараспен қарау шарт. Қиялдан зәулім сарай тұрғызуды доғарыңдар!" - деді Тоқаев.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір