• USD 427.41

  • EUR 519.47

  • RUB 5.78

  • CNY 66.38

18 Мамыр, 02:06:08
Алматы
+13°

Режиссер Тұрдыбек Майдан мен Тілек Төлеуғазының "Мұзбалақ" анимациялық фильмі 2019 жылдың 7-14 шілде аралығында Ресейдің Ярослав қаласында өткен «Отбасымен бірге» 14 ХКФ-да Қазылар алқасының арнайы жүлдесіне ие болды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қазақфильм сайтына сілтеме жасап.

Картина ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында түсірілген.

«Мұзбалақ» анимациялық фильмі қазақтың ғасырлар бойы қалыптасқан саятшылық мәдениеті және адам мен бүркіт арасындағы достық туралы баяндайды.

Мұзбалақ

 «Бұл біздің еңбегіміздің жемісі. «Мұзбалақ» фильмін халықаралық қазылар алқасы жоғары бағалағаны қуантады. Халықаралық анимациялық кинофестивальдерді әлі де таңғалдыратын боламыз»,- деді «Қазақфильм» АҚ анимациялық бірлестігінің жетекшісі Адай Әбілдинов.

«Отбасымен бірге» кинофестивалі дәстүрлі түрде отбасылық және балаларға арналған үздік фильмдерді ұсынады. Кинофестивальдің басты мақсаты – отбасы, мейірімділік, махаббат, адамгершілікке тәрбиелейтін фильмдерді танымал ету.  Әр жыл сайын фестиваль ұйымдастырушылары жаңа қалаларды таңдап,  ерекше конкурстық және ойын-сауық бағдарламаларын дайындайды.  Қазылар алқасына ресейлік және шетелдік киноөнер майталмандары шақырылады.

Естеріңізге сала кетейік, «Мұзбалақ» былтыр ҚР Кинематографистері Одағының «Құлагер» жүлдесінде, «Үздік анимациялық фильм» номинациясы бойынша жеңімпаз атанған. Сонымен қатар, XVII «Алау рухы» Халықаралық кинематографиялық дебюттер кинофестивалінің балалар және жасөспірімдер фильмдері конкурстық бағдарламасына қатысқан (Ханты-Мансийск, РФ).

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір