• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 14:36:59
Алматы
+35°

16 Шілде, 2019 NEWS

Алматы полициясы "тоқылдақтарға" арналған қосымша ойлап тапты

Полиция әртүрлі жағдайларды білу үшін әлеуметтік желілер мен БАҚ арқылы мониторингті жалғастырады

Енді оңтүстік астананың тұрғындары мен қонақтары полицияға INFOGOV қосымшасы арқылы төбелес, жол апатын және т.б. оқиғаларды жібере алады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Алматы полиция департаментінің басшысы Серік Күдебаев айтты.

"Тұрғындар фото, аудио және видеоларын қосымша арқылы әртүрлі оқиғаларды біздің желіге жібере алады. Осы ақпарат арқылы полиция департаменті хабарламалар картасын сызып, оны әрі қарай профилактика ретінде қолданады", - деді Күдебаев.

Сонымен қатар, полиция әртүрлі жағдайларды білу үшін әлеуметтік желілер мен БАҚ арқылы мониторингті жалғастырады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір