• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 11:06:22
Алматы
+35°

16 Шілде, 2019 Оқиғалар

Елордада 13 жастағы бала 10 мың вольт токқа түсіп қалды

Жазатайым оқиға балалар ойнап жүрген ойын алаңында болған. Жеткіншек жабық ойын алаңына шығып, байқаусызда электр желісін іліп алып кеткен.

Елордадағы тұрғын үйлердің алаңында ойнап жүрген 13 жасар бала 10 мың вольт токқа түсіп қалды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі "Еуразия бірінші арнасына" сілтеме жасап. 

Жазатайым оқиға балалар ойнап жүрген ойын алаңында болған. Жеткіншек жабық ойын алаңына шығып, байқаусызда электр желісін іліп алып кеткен. Сол сәтте оны ток ұрып, бала есінен танып, жерге құлаған. Бала аман қалған, алайда оқиға салдарынан клиникалық өлімді басынан өткерген. Осы дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Оқиға куәгері Мәдина Дөсетова оқиға орнынан табылып, жеткіншекке көмектескен.

"Мен  қоқыс төгуге  бара жатқам. Сосын бір кезде бала құлап жатыр екен, приступ ұстады ма, судорога ұстады ма деп жай қолын сипап жатыр едім, ана бала дірілдеп жатыр, тоқ соғып кеткен. Ешқандай техника қауіпсіздігі жоқ, ол бала қайдан біледі проводты", - дейді куәгер.  Бұл оқиғадан кейін балаларын сыртқа шығаруға қорқып қалған ата-аналар ойын алаңында еш қауіпсіздік техникасы сақталмаған электр желісіне КСК өкілдеріне шағымданған. Алайда үш күннен бері құлып қойғаннан басқа шара қолданбаған. 

"Ана баланың аузынан түтін шықты дейді. Бірақ оның түтін ба не екенін түсінбедік. Немеремнің де түрі бұзылып кеткен. Міне, осы келесі подъезде тұрады. Балаларға расында да мынау өте қауіпті екен. Қызыма да, күйеу балама да айтамын жолатпандар, жай жерде ойнасын деп", - дейді қала тұрғыны Айғаным Жүрімбаева. 

Бұл мәселе тұрғындарды ғана емес, құзырлы орган өкілдерін де алаңдатып отырған көрінеді.  “Біз оқиға болған жерге сол күні бардық. Мәселені егжей-тегжейлі зерттеп, ойын алаңын уақытша жауып тастадық. Аталмыш мәселеге байланысты жиналыс болды. Бұдан былай электр желілерін жердің астымен өткізу керектігі жайлы ұсыныс айтылды. Осы мәселеге байланысты алдағы уақытта жұмыстар атқарылады", - дейді Сарыарқа әкімдігінің бөлім басшысы Бақтияр Топаев.

Жеткіншек қалалық балалар ауруханасында дәрігерлердің жіті бақылауында жатып, ем-дом қабылдауда. Әзірше дәрігерлер түрлі дене жарақатын алған баланың жағдайы туралы қандай да бір ақпарат беруден бас тартып отыр. Айта кетейік, бұл көпқабатты тұрғын үй 1983 жылы эксплуатацияға берілген. Содан бері электр желілері футбол алаңының үстімен жүргізіліп, сол күйі қалған. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір