• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 12:16:28
Алматы
+35°

16 Шілде, 2019 NEWS

Алматыда көп балалы аналар әкімдік алдына жиналды

Әкім Шахмерден Рыспаевтың қабылдауына келген азаматшалар оны өз орнынан таппады

Алматыдағы Алатау ауданы әкімдік ғимаратының алдында көп балалы аналар мен әлеуметтік көмек алмаған азаматшалар жиналды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Әкім Шахмерден Рыспаевтың қабылдауына келген азаматшалар оны өз орнынан таппады. Аналардың айтуынша, бүкіл аймақтар әлеуметтік көмекті алған, тек Алатау ауданы шетте қалды.

Көп балалы аналар әкімнен арнаулы әлеуметтік көмекті уақытылы түсіріп берсін деп талап қоюда.

Сонымен қатар, баспана проблемасымен келген адамдар да болды.  Олар "Нұрлы жер" бағдарламасымен салынған Саялы-2 ықшам ауданындағы үйлерін ала алмай отыр. Олар 7-8 ай бұрын берілген үйлерінің кілтін талап етті.

Көп балалы аналарға Алатау ауданы әкімінің орынбасары Саят Ағыбаев шықты. Ол әкімнің жиналыстан шығып, әкімдікке беттегені туралы хабарлады. Әкім 20-25 минуттан кейін келіп, жәрдемақы 2-3 күнде түсетіні туралы айтты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір