15 Шілде, 2019 Атырау облысы

Атырауға халықаралық автошеру келді

"Зов предков-2019" халықаралық автошеруі Атырау қаласына келді

Бүгін Солтүстік жəне Оңтүстік Кореяны қосқанда жеті елге баратын халықаралық автошеру Атырау қаласына келіп жетті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Халықаралық автошеру "Ресей халықтарының Ассамблеясы" жəне жалпыресейлік қоғамдық ұйымдардың ұйымдастыруымен Мəскеу қаласынан бастау алған болатын.

Бұл шеру Мәскеу – Ташкент – Нұрсұлтан – Ұлан–Батор-Пхеньян – Пекин – Сеул – Мәскеу бағыты бойынша жүреді. Автошерудің негізгі мақсаты елдің халықтарының бірлігін нығайтып, халықаралық байланысты нығайту. Бүгін сол автошерудің қатысушыларымен Атырауда кездесу өтті. Кездесуде Атырау қаласы əкімінің орынбасары Ұлықбек Тналиев қатысушыларға өңірімізге келгендері үшін алғысын айтып,ризашылығын білдірді.

"Бүгінгі халықаралық автошеруге қатысушалар біздің өңірге қош келдіңіздер. Атырау облысы еліміздің мұнайлы астанасы. Елімізде əр түрлі елдің халқы бейбіт өмір сүріп келеді. Бүгінгі автошерудің мақсаты да елдердің ара-қатынасын нығайту жəне халықаралық байланыстарды арттыру. Алдағы автошеруде жолдарыңыз болсын",- дейді Ұлықбек Тналиев.

Автошеруге қатысушы "Единство" журналының бас редакторы Александр Шин ыстық ықыласпен күтіп алған Атырау жұртшылығына өз алғысын білдірді.

"Автошеруге қатысу мен үшін үлкен мəртебе. Оңай емес, дегенмен əр түрлі қызықтар басымыздан өтіп жатыр. Атырау өңіріне келіп жатырмыз. Күтіп алғандарыңыз үшін рақметімізді айтамыз деді",- Александр Шин.

Айта кетейік, автошеру 9 шілде күні Мəскеу қаласынан бастау алған болатын. 10 автокөлікпен 30 мың шақырымды бағындыратын болады.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір