• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 13:39:11
Алматы
+35°

16 Шілде, 2019 NEWS

Президенттің баспасөз хатшысы эстафетаны Ринат Заитовқа жолдады (видео)

Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай оның өлеңдерін оқу эстафетасына президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы үлкен мән беріп, осы бастаманы жалпыхалықтық деңгейге көтерді.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли Абайдың шығармасынан үзінді оқып берді. Ол эстафетаны әрі қарай сенат депутаты Мұхтар Құл-Мұхаммедке, вице-премьер Гүлшара Әбдіқалықова және айтыскер ақын Ринат Зайытовқа жолдады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. . 

"Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай оның өлеңдерін оқу эстафетасына президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы үлкен мән беріп, осы бастаманы жалпыхалықтық деңгейге көтерді. Өзі де Абай Құнанбайұлының өлеңінен үзінді оқыды, оны жақсы білесіздер. Осы эстафетаны президенттің кеңесшісі Ерлан Қариннен, Қазақстанның халық артисі Тұңғышбай Жаманқұлов мырзадан және павлодарлық достар Нұржан мен Русланнан, сондай-ақ, сыныптасым Айраттан қабыл алдым", - дейді Берік Уәли. 




"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір