• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 21:46:12
Алматы
+35°

17 Шілде, 2019 Атырау облысы

Атырау облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Атырау облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасына жаңа басшы тағайындалды

16 шілдеде Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев аймақ активінде мемлекеттік сатып алу басқармасының жаңа басшысын таныстырды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
"Баймағамбетова Алмагүл Төлегенқызы өтінішіне сәйкес облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы лауазымынан босатылды. Лауазымын атқарған уақытта басқарма алдына қойылған міндеттерді жауапкершілікпен атқарып, өзін кәсіби білікті жетекші ретінде көрсетті. Ризашылығымды білдіремін",- дейді Нұрлан Ноғаев.
а 
Облыс әкімінің бұйрығымен басқармаға жаңа басшы болып Жұбаналиева Әйгерім Шәріпқызы тағайындалды. 
Әйгерім Жұбаналиева 2010 жылы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлы-техникалық университетін бітірген. Мамандығы-құрылыс бакалавры.
2010-2013 ж. – құрылыс бөлімінің статист қызметінде, сəулет бөлімінің маман қызметінде,сондай-ақ, Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандында қала құрылысы және құрылыс бөлімі жетекші маман болды. 
2013-2015 ж. - бас маман, БҚО құрылыс басқармасы сметалық-келісім шарт және мемлекеттік сатып алу бөлімінде жұмыс атқарды.
2015-2016 жж– БҚО мемлекеттік сатып алу басқармасы басшысының орынбасары.
2016 жылдан бастап Атырау облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасында жұмыс істеді. Мониторинг және мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысынан бастап басқарма басшысының орынбасарына дейін қызмет атқарды.
Активте облыс әкімі тағы бір кадрлық  өзгерістер туралы айтты. 
 
"Атырау облысы әкімі аппаратының басшысы Баспаев Ернар Жеңісұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты лауазымынан босатылды. Ол ҚР Президент Әкімшілігіне мемлекеттік инспектор болып тағайындалды",- деді Нұрлан Ноғаев. 
 
Аймақ басшысы 2013 жылдан бастап облыс әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарған Ернар Баспаевтың кәсіби біліктілігін атап өтті. 
 
"Ол мемлекеттік қызметтегі маңызды учаскелерде жұмысты ұйымдастыра білген, тәжірибелі басшы ретінде өзін көрсетті. Мемлекет басшысы қойған міндеттерді орындауда әкімдік аппаратының жұмысын үйлестіре білді",-деді Нұрлан Ноғаев.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір