• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
25 Тамыз, 01:54:02
Қорықшылардың материалдық-техникалық базасы күшейтіледі

17 Шілде, 2019 NEWS

Бүгінгі Арыс: 1172 үй қалпына келтірілді

Елбасы мен Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша барлық бүлінген және бұзылған нысандар 2019 жылдың 1 тамызына дейін тапсырылуы тиіс.

16 шілдедегі мәлімет бойынша, Арыс қаласында 1172 үй қалпына келтірілді Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚР Премьер-министрінің сайтына сілтеме жасап. Құрылыс жұмыстары тағы 4504 жеке тұрғын үй құрылысы мен көпқабатты тұрғын үй нысандарында жүргізілуде.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, қаланы қалпына келтіруге тартылған құрылысшылар саны 6159 мыңнан асты. Қаладағы 17 секторда жалпы саны 197 құрылыс компаниясы, 250 техника жұмыс жасауда.

Сондай-ақ 62 әлеуметтік нысанда жөндеуге 1746 құрылысшы тартылған.

ҚР ИИДМ вице-министрі Қайырбек Өскенбаевтың жетекшілігімен үйлердің мониторингі мен құрылыс барысын бақылау күн сайын жүргізіледі.

Елбасы мен Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша барлық бүлінген және бұзылған нысандар 2019 жылдың 1 тамызына дейін тапсырылуы тиіс.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір