• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
24 Тамыз, 15:42:52
Қорықшылардың материалдық-техникалық базасы күшейтіледі

17 Шілде, 2019 Әлемде

Әншілерге биліктің рұқсатынсыз ән айтуға тыйым салынды

Министрдің айтуынша, егер адам әнші боламын деп шешсе, оның мәдениет министрлігі мақұлдаған арнайы репертуары болуы керек деп есептейді.

Шешенстанның мәдениет министрі әншілерге кез-келген жерге ән айтуға тыйым салды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Шешенстанның мәдениет министрі Хож-Бауди Дааев әлеуметтік желіде танымал болған елдің поп-әншілеріне биліктің рұқсатынсыз әндерін жариялап, концерт қоюға тыйым салды. Дааевтың музыканттармен кездесуін "Грозный" мемлекеттік телеарнасы көрсетті.

Сюжетте YouTube каналы соңғы кезде "шешен дәстүрі мен ережесінен айналып өтіп", кең аудиторияға өнер көрсететін алаңға айналып кетті делінген. Сюжет арасында мәдениет министрі Дааевтың өзінің жұмыс бөлмесінде поп-орындаушылардың бірінің бейнебаянын көріп, "сөздері де, қайырмасы да жоқ" дейді. Министрдің айтуынша, егер адам әнші боламын деп шешсе, оның мәдениет министрлігі мақұлдаған арнайы репертуары болуы керек деп есептейді.

Шешенстан басшысы Рамзан Кадыровтың бұйрығы бойынша мәдениет министрлігі жанынан арнайы комиссия құрылған. Аталған комиссия мақұлдаған кезде ғана, әншілер халыққа бара алады.

Әнші Аюб Вахараговтың Шешенстан мәдениет министріне жақпай қалған әні:

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір