• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 05:20:29
Алматы
+35°

18 Шілде, 2019 NEWS

Тоқаев Бас прокурорға маңызды тапсырма берді

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа қадағалаушы органның биылғы бірінші жартыжылдықтағы жұмыстарының нәтижелері мен алдағы кезеңге арналған жоспарлары туралы мәлімет берілді.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа қадағалаушы органның биылғы бірінші жартыжылдықтағы жұмыстарының нәтижелері мен алдағы кезеңге арналған жоспарлары туралы мәлімет берілді.

Мемлекет басшысына Бас прокуратураның құқық қорғау органдарының қылмыспен күреске және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған үйлестіру функциясын күшейту жұмыстарының орындалуы жөнінде баяндалды. Сондай-ақ, Ғизат Нұрдәулетов азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау жөніндегі шаралар туралы есеп берді. Қазақстан Президенті Бас прокурорға Арыс қаласындағы жарылыстарға қатысты қылмыстық істі тергеу барысында әділдік пен заңдылықты қамтамасыз етуді және кінәлі тұлғалардың бәрін жауапқа тартуды тапсырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев күш-жігерді азаматтардың құқығын қорғауға, сыбайлас жемқорлық пен көлеңкелі экономикаға қарсы күреске жұмылдыру қажеттігін айтты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір