• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 08:42:51
Алматы
+35°

18 Шілде, 2019 NEWS

"Мәжбүрлі түрде дәрі-дәрмек береді": Қазақстан интернаттарында балалар құқығы бұзылып жатыр

Құжатта "Қазақстан мүмкіндігі шектеулі балаларға қажетті барлық жағдайды жасап, олардың жабық мекемелерде емес, отбасында тұруына мүмкіндік беруі қажет" деп жазылған.

"Қазақстанда интернат типтегі мекемелерде мүмкіндігі шектеулі балаларға күш көрсетіліп, мәжбүрлі түрде дәрі-дәрмек береді, ондағы балалар өздерін қорғансыз сезінеді" делінген Human Rights Watch халықаралық адам құқығын қорғау ұйымының арнайы есебінде. Ұйым есебін бүгін, 17 шілдеде жариялады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі centralasian.org сайтының дерегін негізге алып. 

Құжатта "Қазақстан мүмкіндігі шектеулі балаларға қажетті барлық жағдайды жасап, олардың жабық мекемелерде емес, отбасында тұруына мүмкіндік беруі қажет" деп жазылған.

Ұйым өкілдері 2017 жылдың қазан айы мен 2019 жылдың сәуір айы аралығында мүгедектігі бар 27 бала мен жасөспірімнен сұхбат алған. Бұған қоса, мүгедек баласы бар ата-аналар мен интернат қызметкерлерімен де сөйлескен. Ұйым өкілдері осындай балаларға арнайы әлеуметтік көмек көрсететін үш орталықта болған.

Зерттеушілердің сұрақтарына жауап берген балалар өздерін интернатта ұрып-соққанын, күштеп тыныштандыратын препарат бергенін, жасы кіші балаларды қаратып, жөргегін тазалауға міндеттеп, ғимарат ішін жинау сияқты жұмыстарды жүктегенін айтқан.

Мекеме қызметкерлері қатты шулап, емге көнбейтіндерге психотропты препараттар бергенін растаған. Мұндай препараттарды әдетте шизофрения белгілері пайда болған кезде, науқас ұйықтай алмағанда немесе қатты ауырған кезде қолданады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған интернат типтес 19 мемлекеттік мекеме бар. Онда екі мыңнан аса бала бар.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір