• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 03:28:15
+35°

18 Шілде, 2019

Арнайы репортаж: №42 мектепте сауда-саттық жасалынатыны рас па?

Өткен аптада Ирина Советжанқызы жүргізетін «Қамшы-сұхбат» YouTube арнасында Облыс әкімі Амандық Баталовпен сұхбат кезінде Іле ауданындағы №42 мектеп туралы бірқатар кереғар пікірлер айтылған. Атап айтсақ, мектепте сауда-саттық жасалынатыны және мектеп директорының мұғалімдер атынан несие алғаны туралы ақпарат тарады. Облыс әкімі бұл жағдайлар расталса, бұндай сорақылыққа шара қолданатынын айтып қалған.

Күні кеше алагеуім уақытта "Комсомол қайдасың?" деп жолға шықтық. Алматыдан алшақ жатқан ауыл екен. Мектеп жаңа һәм еңселі көрінеді. Есік алдында қараң-құраң еткен оншақты адамның сұлбасы. Бұ кісілер мектеп директоры Жанар Бақытқызы бастаған мұғалімдер ұжымы екен.

"Қамшы-сұхбат" бағдарламасындағы Амандық Баталовпен сұхбатқа сілтеме: ЭКСКЛЮЗИВТІ СҰХБАТ: Алматы облысының әкімі Амандық Батталов неге өкінеді?

Ғаламторда тарап кеткен басшылары туралы ақпаратты жалған деп таныған кісілердің қосыны – бұл. Құп! Qamshy.kz ақпарат агенттігінің қос журналисі мән-жайды анықтап, пікірлер топтамасын жіктей бастадық. Анықталғандай (мұғалімдердің айтуынша):

  1. Бұл ұжымды басқарған уақытында Жанар Бақытқызы ешқандай мұғалімге "несие алып бер" деп өтініш жасамаған. Тіпті, мектеп директоры жеке басына қатысты нәрселерді мұғалімдермен бөліспейтін
  2. Ғаламторда тарап, облыс басшының алдына дейін барған фотода бастауыш сынып мұғалімі базардан қайтқан бетінде бір құжатқа қол қою үшін мектепке бас сұққан. Жазғы демалыс кезінде мектепте жүрген құрбылар (мұғалімдер) базарлық қызықтауға көшкенде (қалта ақтарып) бір бармағын ішіне бүккен біреу сырттан фотоға шырт еткізіпті-мыс.

1

Пікірлер қайшылығы байқалмайды. Мұғалімдер аппақ шаштарын, неше жылғы бала тәрбиелеген тәжірибелерін алға тартып, ақ екендерін айғақтауға ұмтылып бағады. Құп! Еңселі екі қабатты жаңа мектеп басшысының кабинеті кіре берісте орналасыпты. Сырты әйнекпен жабылған. Директордың қалай қимылдағаны мұғалім былай тұрсын, оқушыларға көрініп тұрады.

  • "Мен осындай ақпарат шыққан кезде қатты қапа болдым. Бір ғана фото арқылы, қате мақсатта түсірілген фото арқылы адамның өмірінің тас-талқанын шығаруға болады ма екен?! Мен мұғалімдерге қатты сөйлеп, намысына тиген емеспін. Өздері айта жатар, ол жағын. Мектепте сауда-саттық мүлдем болмайды. Ал әлгі кредит деген, тіпті, күлкіңді келтіреді. Санасы сау адам өз құжатымен өзгеге ақша алып беруші ма еді?!" - дейді мектеп директоры.

Ағымдағы жылдың 11-сәуірінде мектеп көлемінде сауда-саттық жасауға тыйым салынғаны туралы бұйрық шығарылған. Бұйрыққа мұғалімдердің барлығы "таныстым" деп жазып, қол қойған. Мөр басылған құжатты Жанар Бақытқызы бізге де көлденең тартты.

2

Дөңгелек үстел басына жиылған ұжымның бәрі директордың үстінен айтылған дүниелерді түгелдей жоққа шығарды.

  • "Директорға жеке мүддесі арқылы қарсы болып жүрген әлдебіреу болмаса, ұжымдық бөліну, қызметке, сағатқа талас деген бізде атымен жоқ", - дегенге саяды мұғалімдердің пікірі.

"Мен сол кабинетте болған мұғалімдердің бірімін. Мектеп алды даярлық бөлімінде сабақ беремін. Менің қолымдағы базарлық - үйіме алған заттарым. Ешқандай саудамен айналыспаймын", – дейді шулы фотодағы "кейіпкерлердің" бірі. 

Журналистерге өз еріктерімен түсінік беруге жиылған мұғалімдердің пікірлерін төмендегі видеодан көре аласыздар:

Әділет Мәдениет

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір