• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 11:18:05
+35°

Белгілі бизнесмен Қайрат Боранбаев ақылы автотұрақтарды басқаратын «Алматы Спецтехпаркинг сервис» компаниясының 70 пайыздық үлесін иеленді, forbes.kz.

«Алматы Спецтехпаркинг сервис» ЖШС-нің қалған 30 пайыздық үлесі Алматы қаласы әкімдігіне тиесілі.

Қайрат Боранбаев McDonald’s Қазақстан, Ресей, Беларусь франчайзингілерінің, минералдық сусын өндіретін «Алекс» ЖШС-нің, «Рахат Палас», Comfort Hotel Astana қонақ үйлерінің, Fitnation фитнес клубтары желісінің иесі. Сондай-ақ Esentai Mall, Esentai Tower сауда үйлері акцияларының жартысына иелік етеді. Боранбаев – ұлттық паралимпиада комитетінің президенті, «Қайрат» футбол клубы бақылау кеңесінің төрағасы. «Қазақстан гольф федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің тең құрылтайшысы. Қазақстанның 50 бай бизнесмендері тізімінде 13-орынға, 50 ықпалды бизнесмендері тізімінде 10-орынға жайғасқан. Оның байлығы бүгінде $445 млн-ға бағаланып отыр.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Ақылы автотұрақ

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір