• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 23:46:02
Алматы
+35°

29 шілдеде Қостанайдағы көшелердің біріне Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беруге байланысты қоғамдық тыңдау өтеді. Себебі, қала әкімі Қайрат Ахметовтың атына бастамашыл топ бірнеше рет өтініш хат жазған деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат сайтына сілтеме беріп.

Қостанайдағы Автомобиль транспорты колледжінің педагогтары мен студенттері бар бастамашы топ Гагарин көшесін ҚР Тұңғыш Президент атындағы даңғылға айналдыру жөнінде ұжымдық хат жазған. Бұған қоса олар Гвардейский көшесін Гагарин көшесіне ауыстыруды ұсынған.

"ҚР Президенті Қ.Тоқаев Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаевтың есімін облыс орталықтарындағы көшелердің біріне беру туралы бастама көтерген болатын. Елбасының стратегиялық бастамалары арқасында Қазақстан интеграциялық үдерістердің басты локомотивіне айналды. Республикамыз ірі және беделді халықаралық ұйымдардың белсенді қатысушысы саналады. Қазақстан әлемнің ең дамыған 30 еліне кіру процесінде кәсіпқой кадрларды даярлау ісін маңызды факторлардың бірі ретінде санайды. Нұрсұлтан Назарбаев экономиканы қажетті еңбек ресурстарымен қамтамасыз ету мәселесінде техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуға ерекше мән берді. Біздің колледж Гагарин көшесінде орналасқан. Юрий Гагарин – ғарышқа ұшқан алғашқы адам. Әлемдегі алғашқы ғарышкердің аты ұмытылмайды",- делінген бастамашыл топтың хатында.

Колледждің ұсынысын Назарбаев зияткерлік мектебі, "АгромашХолдинг" кәсіпорны, Орталық стадион басшылығы және басқа да көптеген ұжымдар бірауыздан қолдады. Белсенділер Юрий Гагарин есімін Гвардейский көшесіне көшіру туралы ұсынысты маңызды деп есептейді.

Бұл мәселелерге қатысты қоғамдық тыңдау 29 шілде күні өтеді.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір