• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
24 Тамыз, 15:19:10
Қорықшылардың материалдық-техникалық базасы күшейтіледі

18 Шілде, 2019 Айтты-ей, бауырың!

Арман Шораев: Өз басым сөйлесуге де, соғысуға да дайынмын

Ұлттық кеңес туралы. Мен де сенбеймін, шенділерге. Өзгерістер енгізудің екі жолы бар.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұйрығымен құрылған Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, «Қазақстан барысы» даму қоры Қамқоршылар кеңесінің төрағасы Арман Шораев өзі мүшелігіне енген Кеңес туралы пікір білдірді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Арман мырза Facebook парақшасында жазба жариялады.

"Ұлттық кеңес туралы. Мен де сенбеймін, шенділерге. Өзгерістер енгізудің екі жолы бар. Біріншісі - митинг, жалғасы майдан - соғыс. Екіншісі - бейбіт келісім арқылы өзгерістерді енгізу. Бұны Тоқаев мырза менсіз де түсініп жүр. Егер Кеңес түк нәтиже бермесе, сол бірінші жол қалады. Қан төгіледі, қазаққа қазақ оқ-дәрі себеді. Оны пайдаланған Путин әскерлерін кіргізіп, қазақтың жерін ойып алады. Өз басым сөйлесуге де, соғысуға да дайынмын.", - делінген жазбада.

 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір