• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 21:28:53
Алматы
+35°

18 Шілде, 2019 NEWS

Қазақстанда қай аймақтың тұрғындары көп ажырасады?

Қазақстанда 2018 жылдың қорытындысы бойынша 54,8 мың ажырасу фактісі тіркелген. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 0,3 пайызға жоғары, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі статистика комитетіне сілтеме жасап.

Ажырасу деректерінің 27,1 пайызы 5-9 жыл некеде болғандар арасында байқалып отыр. Некелері 2-4 жылды құраған жас жұбайлар арасындағы ажырасушылардың үлесі 23,5 пайыз. Бір жыл бірге тұрғандар арасындағы ажырасу дерегі 7,5%, бір жылға дейінгілер арасындағы көрсеткіш 5,3 пайызға тең. Он жыл отасып ажырасқандар да аз емес. Олардың үлес салмағы 36,6 пайызды құраған.

Ең көп ажырасу деректері солтүстік аймақтар – Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Павлодар облыстарына тиесілі. Шаңырақтың шайқалу фактілері қазағы басым Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан облыстарында аз ұшырасады.

2018 жылы 137,8 мың жас отау құрған. Бұл 2017 жылдан 2,8 пайызға төмен. Тіркелген некелердің жоғары коэффиценті елордада байқалуда. Онда мың адамға шаққанда 10 неке тіркелген. Үйлену деректерінің төменгі көрсеткіші Ақмола облысында көрініс табуда: 1000 адамға шаққанда 6 неке.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір