• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 11:33:32
Алматы
+35°

18 Шілде, 2019 Ән-күй

Мәдениет министрі: Эстрадада әншілер жанды дауыспен ән салуы тиіс

Мәдениет министрінің пікірінше, Димаштың ізімен халықаралық байқауларда жүлде алып жүрген жастарымыз жанды дауыста ән салу мәселесінің өзектілігін көрсетіп отыр.

Қазақстанда әншілердің фонограмамен ән салуына шектеу қоятын заң жуық арада қолданысқа енгізілуі мүмкін деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап. Витебскіден жеңіспен оралған Әділхан Макинді қабылдаған Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова "Мәдениет туралы" заңға осындай өзгерістер енгізіп жатқанын мәлімдеді.

Бұл ұсынысты қоғамда бірқатар өнер жанашары көтеріп, ол көптің қолдауына ие болған еді. Дегенмен ол заңда көрініс табады делінгенімен, әлі нақты шешім қабылданбай келеді.

Мәдениет министрі Димаштың ізімен халықаралық байқауларда жүлде алып жүрген жастардың басым болып бара жатқаны жанды дауыста ән салу мәселесінің өзектілігін көрсетіп отырғанын айтады.

"Министрліктің ұстанымы - өнер таза болуы керек. Эстрадада әншілер жанды дауыспен ән салуы тиіс", - деді өз сөзінде министр Ақтоты Райымқұлова.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір