• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 14:19:23
Алматы
+35°

30 шілде күні қажылыққа ниеттенген 3200 азамат Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және Ақтау қалаларынан Сауд Арабиясына сапар шегеді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

"Биылғы қажылық маусымы осы айдың 30-ынан басталады. Биылғы қажылыққа бару бойынша Сауд Арабиясы тарапынан біздің 3200 азаматымызға квота берілді. Осыған сәйкес Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы қазақстандықтарды қажылыққа дайындап жатыр", - деді Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов.

Сондай-ақ, Дін істері комитетінің төрағасы арнайы қажылық миссия құрылғанын айтып өтті.

"Арнайы қажылық миссияға біздің комитеттің өкілі, сонымен қатар, денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері енгізілді. Өйткені қажылық сапар кезінде ұйымдастырушылық немесе денсаулық тарапынан бір мәселелер туындап жатса, сол кісілер Қазақстан мұсылмандар діни басқармасымен бірге осы мәселелерді шешетін болады", - деді Ержан Нүкежанов.

Сонымен қатар, қажылыққа бару үшін міндетті түрде Сауд Арабиясы тарапынан бекітілген екпеден өту қажет.

"Міндеттелген екпе еліміздің біраз қалаларында өткізіледі. Қазіргі кезде бұл процесс жалғасып жатыр",- деді Нүкежанов.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының бірінші орынбасары Наиб Мүфти Наурызбай Утпенов қарызға қажылыққа баратындарға қатысты пікір білдірді.

«Қарыз алып, көмек сұрап қажылыққа баратындар да кездеседі. Оны шариғат қолдамайды», - деді наиб мүфти.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір