• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 15:10:22
Алматы
+35°

18 Шілде, 2019 NEWS

Алматы қауіпті қалалар қатарында

2019 жылдың алғашқы жарты жылдығының қорытындысы бойынша Алматы әлемдегі қауіпті қалалар қатарына енді. Бұл туралы 328 мегаполисте жүргізілген онлайн сауалнамада белгілі болды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Тұрғындардың қауіпсіздігін анықтаған рейтинг Numbeo порталында жарияланды.

Оңтүстік астана рейтингте 29,4 баллмен 308-орынға жайғасқан. Бұл – тізімге енген посткеңестік республикалардың шаһарлары арасындағы ең нашар көрсеткіш. Посткеңестік кеңістіктегі қауіпсіздік жағдайы орнықты қалалардың қатарындағы эстониялық Тарту 16-орынға орналасса, ресейлік Төменгі Новгород 53-орынға тұрақтаған.

Қауіпсіз қалалар тізімін Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Абу-Даби бастап тұр. Ондағы қауіпсіздік деңгейіне 100-ден 89,4 балл берілген. Екінші орынға Катар астанасы Доха (88 балл), үшіншіге Канаданың Квебек (85 балл) қаласы жайғасқан. Үздік ондыққа Тайбэй, Мюнхен, Дубай, Цюрих, Берн, Гонконг және Эскишехир енген. Әлемдегі ең қауіпсіз қала – Вэнесуэланың астанасы Каракас.

Алматының төменгі рейтингіне былтыр қала орталығында тапа-тал түсте олимпиада жүлдегері, танымал спортшы Денис Теннің өлтірілгені әсерін тигізсе керек.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір