• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 10:17:13
Алматы
+35°

18 Шілде, 2019 Саясат

Путин Зеленскийге барлық тұтқынды алмастыруды ұсынды

Зеленскийдің айтуынша, соғысты тоқтатып, Ресей мен Украина арасында диалог орнату осыдан басталуы мүмкін.

Украина президенті Владимир Зеленский барлық тұтқынды алмастыруды 2018 жылы қарашада аннекцияланған Қырым жағалауларында ұсталған 24 украин теңізшісін босатудан бастауды ұсынды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі centralasian.org сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Зеленский "Президентпен ашық әңгіме" бағдарламасында мәлімдеді. Зеленскийдің айтуынша, соғысты тоқтатып, Ресей мен Украина арасында диалог орнату осыдан басталуы мүмкін.

Зеленскийдің сөзіне қарағанда, "барлығын барлығына алмастыру" формасын Ресей президенті Владимир Путин телефонмен әңгіме барысында ұсынған. Дегенмен, украин президентінің айтуынша, Киев дайындаған тізім мен Донецк және Луганск облыстарында "уақытша басып алынған аумақта" жасалған тізім сәйкес келмейді. Сол себепті ол тұтқын алмастыруды 24 украин теңізшісінен бастауды ұсынған.

"Барлық тұтқынды алмастырамыз, бірақ әулеі Ресейде және Қырымда тұтқында отырғандарды қайтарайық, оны теңізшілерлен бастайық", — деді Зеленский.

Владимир Зеленский мен Владимир Путин алғаш рет телефон арқылы 11 маусымда сөйлескен, бұл бастаманы Украина тарапы көтерген еді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір