• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 12:29:11
Алматы
+35°

18 Шілде, 2019 NEWS

Ресей Қазақстанға не себепті қару-жарақ тасымалдап жатыр?

Ресей қару-жарақ өндіру және экспорттаудан әлемде екінші орын алады, елдің қорғаныс өнеркәсібі кешені бірнеше жылға қамтамасыз етілген.

Әскери шолушы Александр Хроленко Ресейдің Қазақстанға қандай қару-жарақ тасымалдайтыны туралы айтып берді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Стокгольм халықаралық әлемдік мәселелерді зерттеу институтының (SIPRI) баяндамасына сүйенсек, Ресейдің қорғаныс өнімдері саудаға түсетін ірі нарықтар – Үндістан (27%) және Қытай (14%), ал посткеңестік кеңістікте – Әзербайжан, Беларусь және Қазақстан.

"Вертолеты России" холдингі жыл басында "Қазақстан инжиниринг" компаниясы және №405 авиациялық жөндеу зауытымен бірге келісімшарт жасасып, соған сәйкес Қазақстанда Ми-8АМТ және Ми-171 тікұшақтары құрастырылатын болды. Ресейлік тікұшақтардың мықты сапасы мен беріктігі бүкіл әлемге әйгілі. Қазақстанда Ресейдің 200-ге тарта әскери және азаматтық тікұшақтары қолданылып жүр.

Сонымен қатар Қазақстан аумағында Ил-103М жаңартылған көпмақсатты жеңіл ұшағының өндірісі қолға алынбақ. Тиісті келісімге С.В. Ильюшин атындағы авиация кешені мен қазақстандық авиация зауыты қол қойды. Бірлескен кәсіпорын 2019 жылы іске кіріседі, ал 2022 жылдан бастап өнім тасымалданады.

Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Қазақстанның қорғаныс өнеркәсібі кешеніне 196 кәсіпорын мұраға қалды. Мұнда кеңестік торпедалар, зымырандар, зымыранға қарсы қорғаныс жүйелері, танктерге қаруландыру, барлау жүйелері, радиоэлектронды құрылғылар, артиллериялық жүйелер мен жаяу әскердің жауынгерлік көліктері шығарылатын. Қазірде Ресей мен Қазақстанның әскери-техникалық ынтымақтастығы қару-жарақ тасмылдаушыларын әртараптандыру саясатына қарамастан стратегиялық серіктестікке айналды.

Ресей мен Қазақстан арасындағы жылдық тауар айналымы 18 миллиард долларға жетіп отыр. Әскери өнімдердің өзара тасымалы, қару-жарақ пен әскери техникаға қызмет көрсету және жөндеу, бірлескен ғылыми-зерттеу және тәжірибелік жұмыстар, бірлескен қорғаныс өнеркәсібі кешені кәсіпорындары, әскери және әскери-техникалық кадрды дайындау шаралары туралы белгілі болғанымен, жалпы алғанда Ресей мен Қазақстан арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастықтың қаржы мәселесі құпия болып саналады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір