• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
25 Тамыз, 10:34:40
Қорықшылардың материалдық-техникалық базасы күшейтіледі

19 Шілде, 2019 NEWS

"Бақытты отбасы". Алматыда пәтер алуға құжаттар қабылданады

Алматы қалалық Тұрғын үй саясаты басқармасы 22-26 шілде аралығында әкімдіктің тұрғын үй кезегінде «көпбалалы отбасы», «толық емес отбасы» және «мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар» санаты бойынша кезекте тұрған азаматтардан өтініш қабылдайды, деп жазады Qamshy.kz басқарма сайтына сілтеме жасап.

Құжаттар www.baqytty-otbasy.kz сайтында қабылданады. Операция электрондық цифрлық қолтаңба арқылы жүргізіледі. «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде жүргізетін бұл бағытты «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" жүзеге асырмақ.

Бағдарлама бойынша тұрғын үй кредитін берудің шарттары төмендегідей:

  • Қарыз сомасы – 15 млн теңгеге дейін;
  • Бастапқы жарна – қарыз сомасының 10%-ы;
  • Несиенің пайыздық мөлшерлемесі – жылдық 2%;
  • Бағдарлама қатысушылары сатып алатын тұрғын үйді жаңа үйлерден де, ескі үйлерден де таңдай алады;
  • Кепілдікті қамтамасыз ету – сатып алынатын тұрғын үй немесе «ҚТҚЖБ» АҚ-ның тиісті талаптарына сай келетін өзге мүлік.

Өтініш беруші отбасының әрбір мүшесінің табысы айына 42 500 теңгеден аспауы тиіс. Соңғы 6 айда орташа табысының болуы міндетті.

Толық емес отбасыларда некені бұзу сәтінен 3 жыл мерзім өтуі тиіс.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір