• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 15:15:32
Алматы
+35°

19 Шілде, 2019 Әлеумет

Өзінің кесілген аяғын темекі қорабынан көрген албаниялық қандай әрекетке барды?

Францияда тұратын 60 жастағы албаниялық азамат темекі қорабының сыртынан өзінің кесілген аяғының суретін көріп, қатты қапа болған.

Францияның шығысында өмір сүріп жатқан мүмкіндігі шектеулі азамат қорап сыртынан тура өзінің аяғын көріп қатты таң қалғанын жасырмайды. Ол ешкімге өзінің фотоларын жария етуге рұқсат бермеген деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Бұдан бөлек, оның аяғының кесілуіне темекі шегудің мүлде қатысы болмаған. Сыртында ер адамның дене мүшесінің суреті орналасқан қораппен темекі сатуға Еуроодақ рұқсат беріпті-мыс. Қорапта «шылым шегу – денсаулыққа зиян» деген жазу бар.

60 жастағы Албания азаматы аяғының кесілуіне өз елінде жүргенде алған терең жарақат себеп болғанын айтады. Бұл жарақатты ол 1997 жылы алыпты.

Албан азаматының адвокаты ешбір келісімсіз адамның суретін жария етуге болмайтыны туралы хат жазып, Еуропалық комиссияға жолдаған. Францияда тұратын азамат өзінің аяғын ерекше белгілері арқылы таныған. Аяғында күйіктен қалған тыртықтары оңай тануға көмектескен.

Қораптағы суретті Албания азаматының баласы байқап қалған. Жәбірленушінің өз айтуына назар салсақ, бұл фото ауруханада түсірілген болуы мүмкін. Өйткені, протез орнату мәселесі кезінде суретке түсірген екен, кесілген аяқтың орынын.

Жәбірленушінің адвокаты бұл жағдайды көріп, қатты таң қалғанын айтады. Жағдайды түсіндіру туралы өтініш хат жазылып, бірі ауруханаға, бірі Еурокомиссияға жолданған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір