• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 02:09:50
+35°

Жамбыл облысының батысында орналасқан Сарысу ауданы ертеден ауыл шаруашылығына қолайлы өңір. Мұнда егін салып, мал өсіріп отырғандардың қатары көп. Бұл тұрғыда шаруаларға  мемлекет тарапынан да тиісті қолдау-көмек көрсетіліп келеді.

Сарысу ауданы әкімдігі ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы С.Дайрабаевтың айтуынша, биыл 20 138,0 гектарға ауыл шаруашылық дақылдарын орналастыру жоспарланса, бүгінгі күнге 22340,0 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды.

Аудан бойынша егістік жерлердің жалпы көлемі – 22 340,0 гектарды құраса, оның 3 780,0 гектары суармалы егістік және 18 560,0 гектар тәлімді жер.

          2019 жылдың өнімі үшін жалпы көлемі 2 500,0 гектар алқапта күздік бидай дақылы орналастырылды. Оған қажетті 450,0 тонна тұқым жұмсалды. Оның ішінде 55,0 тонна элита (12,2%), қалған 395,0 тонна ІІ, ІІІ және IV репродукциялы тұқымдар.

Егілген 2 500,0 гектар күздік бидайдың 57,2% жақсы, 42,8% қанағаттанарлық жағдайда.

Бүгінгі күнге 4523,4 гектар жаздық арпа, 1 000,0 гектар дәндік жүгері, 7100,0 гектар майлы дақылдар (мақсары), 40,0 гектар картоп, 525,0 га көкеніс пен бақша дақылдары және 4449,7,0 гектар мал азығы дақылдары (оның ішінде 570,0 гектар жаңадан егілетін көпжылдық шөптер, қалған 3879,7 гектар оның алдынғы жылдардағы көпжылдық шөптер) орналастырылды.

Көктемгі дала жұмыстарына техникалар 100%-ға дайындалып, 17 дана К-701, 6 дана Т-150 қуатты тракторлары мен 30 дана МТЗ тракторлары, 25 автокөлік, 20 дана трактор тіркемелері, 26 дана соқа және 30 дана дән сепкіш қатыстырылды.

Осыған орай, «Саудакент кредиттік серіктестігі» жауапкершілігіне көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге өтінімдер түсіп, 4 ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері 7,0% сыйақы мөлшерлемесімен 32 миллион 200  мың теңге несие алды.

Сонымен қатар ауданның дихандарына көктемгі егіс дала жұмыстарын жүргізу үшін 730,0 тонна арзандатылған дизель отыны бөлініп, оның ішінде, наурыз айына  180,0 тонна, қалған 550,0 тонна сәуір, мамыр айларында алынды.    Жеңілдетілген дизель отынын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне жеткізуші оператор болып «Аянат» ЖШС белгіленген.

Жалпы аудандағы дизель отынының нарықтағы бағасы 199-201 теңгені құраса, аудандарға белгіленген жанармайдың 1 литрі 175 теңгеден босатылды.

Төскей төрт түлікке толса, бұл берекенің артқаны. Шүкір, Сарысу ауданында мал басы да жылдан жылға артып келеді.

Биылғы маусым айындағы мәлімет бойынша ауданда мүйізді ірі қара 21316 басқа, қой-ешкі 282146 басқа, жылқы 6693 басқа, түйе 2226 басқа, құс 24784 басқа  жеткізіліп, 1588,2 тонна ет, 2809,1 тонна сүт,  1931,3 мың дана жұмыртқа дайындалды. Өткен жылдың осы уақытысымен салыстырғанда мүйізді ірі қара 1016 басқа,  қой-ешкі 696 басқа, жылқы 343 басқа, түйе 43 басқа   артты.

Досбол ауылдық округінен қазақтың қылшық жүнді ет бағытындағы асыл тұқымды қой  өсіретін «Елдос-2004» шаруа қожалығы  асыл тұқымды мәртебесін алып,  барлық құжаттары рәсімделіп, ҚР АШМ-нің арнайы сайтына тіркеліп, жұмыс атқаруда. 2015 жылы Қамқалы ауылдық округінен жеке кәсіпкер «Раш»   асыл тұқымды шаруашылық мәртебесін алса, 2018 жылы Жаңаталап ауылдық округінен «Ынталы» шаруа қожалығы асыл тұқымды шаруашылық қатарына енді. Жаңаарық ауылдық округінен «Бірлік», асыл тұқымды шаруашылықтар қатарына өтті. Мүйізді ірі қара бойынша «Абылай» шаруа қожалығы қазақтың ақ бас тұқыды сиырынн өсіретін асыл тұқымды шаруашылық мәртебесін алып, жұмыс жүргізуде.

 -Мал шаруашылығы саласында алдағы уақыттағы басты мақсатымыз мал тұқымын ет бағытында асылдандыру жұмыстарын қолға алу болып табылады.    

Ауданда мал шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықтары «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыру» бойынша 2016 жылы 107,0 миллион  теңге субсидия алса, 2017 жылы 127,6 миллион  теңгеге  субсидиялау құжаттары облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына электронды нұсқада тапсырылды.  2018 жылы  150,0 миллион  теңгеге құжат тапсырылса,  2019 жылғы мал шаруашылығы бойынша субсидиялау өтінімін қабылдаулар басталды,-дейді Сарысу ауданы әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Сейтбек Дариябеков.  

Дариха Үмбетиярова

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір