• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 12:34:13
Алматы
+12°

19 Шілде, 2019 NEWS

Мұхтар Құл-Мұхаммед "Абай-175" эстафетасын жалғастырды

Елімізде танымал болған өлең оқу эстафетасын қабылдаған Мұхтар Құл-Мұхаммед Абайдың өлеңін оқыды.

Мұхат Құл-Мұхаммед танымал эстафетаны Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлиден қаабылдап алып, жалғастырды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

"Жақында Абай атамыздың өлеңдерін оқу эстафетасын белгілі ғалым, қоғам қайраткері, ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Комитет төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед мырзаға жолдаған едім. Ол кісі қабыл алып, эстафетаға өзінің үнін қосыпты. Қуанып қалдым. Сол себепті өз парақшамда бөлісуді жөн көрдім.

Мұхтар Абрарұлы мырза Ұлы ақынның «Көк тұман – алдыңдағы келер заман» өлеңін оқып, «мен» мен «менікінің» мәнін жеткізіпті.

Абайды тану дәстүрін достары Ресейдің мемлекет қайраткері, кезінде Мәдениет министрі болған М.Е.Швыдкойға, Әзербайжанның Ресейдегі Елшісі, әйгілі әнші-композиторы, ұзақ жылдар Мәденит министрі болған Полад Бұлбұлоғлыға, Жапонияның Білім, мәдениет, спорт, ғылым және теxнологиялар министрі қызметін атқарған Такео Кавамураға және Иорданияның Мәдениет министрі болған Нэнси Бакир xанымдарға жолдапты.

Сөйтіп, адамзаттың Абайының жырлары ғаламды шарлап кетті.

Игі бастаманы бөлісем дейтін достар болса, мархабат!" - деп жазды Берік Уәли өзінің желідегі парақшасында. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір