• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 20:45:40
Алматы
+35°

Елімізде жастарға айрықша көңіл бөлуі, жастар жылы атауы,   қоғамның ауызбірлігін еселеп арттырып, жастарды бір серпілтіп, бойларына жігер сыйлағандай.  Елбасының үнемі жастарды қолдап, жастар саясатын дамытуды көздейтіні бекер емес.

Қоғамның қозғаушы күші жастар екенін жоққа шығара алмаймыз. Бүгінгі жастар креативті пікірге ие.

Бүгінгі жастар – ертеңгі кәсіби білікті маман, болашақ отбасының тірегі. Әрбір жас қоғамда өз орнына ие болу үшін кез келген қоғамдық мәселеге бейжай қарамауы тиіс.

Себебі патриоттық рух та, рухани ерік-жігер де ортамен араласудан туындайды.

Қазақта «Жас келсе – іске» деген сөз бар. Ақылды технология заманында ақыл да, тың идея да жастардан шығады. Бұған Жамбыл облысы Сарысу ауданындағы серпінді жобалар да дәлел бола алады.

Сарысу ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде осы салада ұзақ жылдар еңбек етіп келе жатқан Жадыра Жұмағұлова есімді азаматша басшылық жасауымен  мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылып келеді.

Бүгінгі таңда ауданда  14 пен 29 жас аралығындағы жастар саны 10 159 адам.

Қазіргі таңда мекемеде 18 штат бойынша қызметкерлер  жұмыс істейді, 9 ауылдық округтың барлығында жастар ісі жөніндегі инспекторлар жұмыс атқарады.

«Жасыл ел» бағдарламасы аясында 2 айлық маусымдық жұмысқа 50  жас тартылып, Сәуір-мамыр айларында орталық саябақпен қала ішінің тазалық жұмыстарын атқарды.

Мекеме тарапынан жастар арасындағы патриотизм, адамгершілік-имандылық, құқықтық, эстетикалық, кәсіптік, тіл, нашақорлыққа және қылмысқа қарсы күрес, дін, жемқорлық, салауатты өмір салты, экология, жастардың әлеуметтік мәселелеріне байланысты және қоғамдағы түрлі салалар бойынша  ағымдағы жылы жоспарға сәйкес, жұмыстар жасалады.

Жастар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу басты назарда болып, мүдделі органдармен тиісті профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, үстіміздегі жылдың 14-17 мамырында Жаңатас көпсалалы колледжі, №5 Жаңатас және №11 Сарысу колледждерінде аудандық мешіттің наиб имамы, аудандық ювеналды полиция тобы, аудандық ардагерлер кеңесі мүшесінің қатысуымен кездесулер өткізілді.

Сонымен қатар Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында бекітілген аудандық желілік кестеге сәйкес жұмыстар тұрақты орындалуда.

Жастарды қайырымдылыққа тарту мақсатында «Жан жылуы», «Жүрек жылуы», «Қайырымдылық жаса!» «Жақсылыққа ұмытлайық!» атты қайырымдылық акциясы аясында кәсіпкерлердің қолдауымен 53 отбасыға тегін азық-түлік таратылды. Шараға 30 дан астам еріктілер тартылды. 

 «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында ақпан – сәуір айларында Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен жалғыз басты аналардың үйлеріне бір топ белсенді жастардың қатысуымен көмектесу жұмыстары жүргізілуде.

Жастар жылындағы туындаған міндетерді жүзеге асыру аясында «Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік грант туралы БАҚ-та жарық көрді. Нәтижесінде ауданымызда 37 жас грантқа қатысуға ниет білдіріп, құжаттарын жинау жұмыстарын жүргізуде.

Аудан тұрғындарының әлеуметтік жағдайын анықтау мақсатында 30 мамыр -1 маусым аралығында Жамбыл облысы әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасы мамандары мен облыстағы түрлі сала мамандарының қатысуымен «Болашаққа бағдар» атты көшпелі кеңес беру алаңы өткізілді.

Шараға 700-ден аса аудан ьұрғындары қамтылды.

Жастар арасында позитивті өмір салтын қалыптастыру мақсатында мамыр айында «Дельфий», аудандық КТА «Сарысу ауданы әкімінің кубогы 2019», «Үлгілі отбасы жарқын болашақ кепілі», «Нәзік жанды мамандар», «Туған жер – тұғырлы мекенім» т,б. ауқымды іс-шаралар өткізілді.

Жастар жылы аясында, 2019 жылдың 1 мамырында Сарысу ауданының Құрметті азаматы Тұрар Мысықбаевты еске алуға арналған Саудакент-Жаңатас бағытында жүгіруден аудандық марафон өткізілді. Сондай-ақ, «Салауатты өмір салтын сақта!», «Маған өмір қымбат» атты кең көлемде акциялар өткізілді.

-Жастар жылында осы жұмыстарды жаңа қырынан одан әрі дамыту - басты міндеттеріміздің бірі болмақ. Біз, қазақстандықтарды, әсіресе жастарды мейлінше көбірек қамту мақсатында интернет-медиадағы жобаларды күшейтіп, көшпелі көрмелердің форматын дамытуды көздеп отырмыз. Сондай-ақ, Елбасының бастамалары мен идеяларын шет елдерде тарату бағытында да жоспарларымыз бар. Біз тұрақты түрде жаңа жобаларымызды дамытып, қолданыстағыларды жетілдіріп отырамыз,-дейді аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Жадыра Жұмағұл.

Сайып келгенде, мұның барлығы - заман талабына, ең бастысы жастардың сұранысына сай болудағы ұмтылысымыздың жарқын көрінісі деп пайымдаймыз. 

Дариха Үмбетиярова

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір