• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 07:42:59
Алматы
+35°

19 Шілде, 2019 Саясат

«Рыжий Алмаз» бен Қонаевтың кездесуі: қазақтың қос жанашыры не туралы сөйлесті?

Атышулы 90-жылдар туралы екінің бірі біледі. Кейбірі Несіпбай Нәсенов, Бақыткелді, Сабыр бастаған қылмыстық топтарды «шибөрі» деп тіл тигізсе, енді бір легі «азаматтың нары ед, елдің қалқаны еді» деп еске алады. Қылмыстық топтың серкелері туралы ақпараттарды сараптай келе бұл жігіттердің табан астында тапталған халыққа, ақысы кетіп желінген панасызға жел өтіндегі алып қалқан іспетті қасқорлық көрсеткеніне көз жеткіземіз.

Қолымызға күллі қазақтың пір тұтатын Қонаев пен осы «Рыжий Алмаздың» - Несіпбай Нәсеновтың кездесуі тіралы ақпарат келіп түскенде көзіміздің шарасы ұлғайғаны өтірік емес. Бірі – Заңды түрде елді басқарып, әкімшілік-аймақтық жүйе құрып, тізгін ұстап отырған азамат. Екіншісі – халыққа пайдасы тисе де, қалталыларға «найзасы» тиіп жүрген қылмыстық топтың серкесі. Екеуінің арасында қандай ортақ тақырып, тілге тиек етер дүние болуы мүмкін?!

Бұл ақпараттың тарауына әлеуметтік желіде жарық көрген Несіпбайдың досы айтқан әңгіме себеп болыпты. Дінмұхаммед Қонаев Қазақ ССр-ді бірнеше жыл бойы басқарып, 1993 жылдың 22-тамызында дүниеден озғанын ескерсек, бұл кездесу сонау 90-жылдың о жақ, бұ жағында болғанға ұқсайды.

Әрі қарай мақала арнасын Несіпбай Нәсеновтың досы айтқан қазақтың қос жанашырының диалогына бұрсақ.

1

Ескерту: Диалогтың өмірде орын алғаны немесе болмағаны журналистке айқын емес. Төмендегі диалог Несіпбай Нәсеновтың (есімі жасырын) досы айтқан ауызекі әңгіме нәтижесінде жазылған.

- Денсаулығың қалай, ұлым? – деді Димаш Ахметұлы. Амандасқан күйі таныстық үшін бірінші болып қолын созды. – Сен Семейдің жігіті емессің бе? Ал енді айтшы, неге сені «Рыжий Алмаз» деп атайды? Есімің Несіпбай емес пе? – деді мемлекет басшысы әңгіме сонарын үзбей.

- Ассалаумағалейкум, аға! – деп амандасты Несіпбай. – Иә, мен шығыстың баласымын. Тегім – Нәсенов. Ныспым – Несіпбай. Менің адамдарымды Нұрқаділовтың туыстарымен шатастырмас үшін «Рыжий Алмаз» деп атады. Оның адамдарын «Черный Алмаз» дейді, - деп жауап берді саспастан жүректі жігіт ел басшысының алдында.

- Иә, жігітім, қазіргі заманда жастар деген қоғамға қажетсіз болып қалды. Егер жастарды ақылмен, жүйелі түрде басқара алса, бұл – өте үлкен күш. 86 жылдың желтоқсанында күллі Совет Одағының күші болмағанда, соңы немен аяқталар еді?! Мен секілді кәрі-құртаңдардан кеңес алуға келгенің үшін қуанамын, алғыс білдіремін. Кел, ақыл айтуға әрдайым даярмын, - деп тоқтады толқыған Димаш Ахметұлы. – Шынымды айтсам, қазіргі жастармен әңгіме-дүкен құрған қатты ұнайды. Өзің айтшы, қазір бізде жастармен жұмыс жасайтын ұйымдар бар ма, қалды ма? – деп сұрақпен аяқтады сөзін ол.

- Рахмет, аға! Қазір бізде Жастар кеңесі жұмыс жасап тұр. Бірақ ол жерде отырғандарды жастардың болашағы, елдің ертеңі ойлантады деп ойламаймын. Олар қазір бірнеше делдал фирмалармен жұмыс жасап отыр. тек құлқындарын ойлайды. Әсіресе ауылда, кіші қалаларда, кенттерде тұратын жастар олардың жырына кіріп-шықпайды. Мен көбіне спортпен айналысатын жастарға қолдан келгенше көмек беріп жүрмін. Спорттан жырақ жастардың да жұмысы жетісіп тұрғаны шамалы, - деп ашын жауап берді «Рыжий Алмаз».

- Дұрыс айтасың! Қазір спортқа ғана емес, жастардың руханиятына да ешбір көңіл бөлініп отырған жоқ. Егер сен шынымен тырысып жүрсең ел ертеңін ойлағаның үшін алғыс білдіруге міндеттімін, - деді Димаш Ахметұлы көзіне тіке қарап.

Міне, осындай бағытта өрбіген әңгіме көптің көкейінде толғағы қысқан әйелдің зарындай болып шықпай тұрған дүниенің басын ашты. Жастардың сауатсыздану үдерісін Қонаев қарт сол уақытта-ақ байқаған. Сол тоқырау жылдарындағы «көткеншектеудің» кесірі әлі күнге дейін қоғамда көрініс беріп келеді.

2

Жастардың ғылым-білімге, рухани ілгерілеуге ұмтылмауының басты себебі де – осы. Әсіресе 80-90 жылдары туған жастардың ауыз толтырып айтарлықтай пайызы кейіндеп қалған. Бұл фактіні – сол жылдары туып, өзінің ынта-жігері арқасында биіктеп келе жатқан алдыңғы толқын ағалар сөзіне сүйеніп айтып отырмын.

Қонаев 1993 жылдың 22-тамызында марқұм болды. араға бес жыл салып, қазақтың қамын жеп, тоқым төсеніп, ер жастанған азамат та Испанияның Барселона қаласындағы вилласында қаскөйлер қолынан қаза тапты.

Келесі мақалада: «Рыжий Алмаздың» отбасы туралы

Әділет Мәдениет

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір