19 Шілде, 2019 Бизнес
Кайдзеннің өндірістегі қағидалары
Қызметкерлер - ең үлкен құндылық. Генри Форд өзінің еңбегінде кәдімгі жұмысшыларының күн сайын дерлік жұмыс процессін жақсартудың тың әдістерін ойлап тауып жатқандарын мақтанышпен жазған, соның арқасында зауыт ондаған және тіпті жүздеген мың долларларды үнемдеді. Әрине, қызметкерлер жұмыс үдерісін үдету үшін жасаған жанкешті еңбектеріне жақсы сыйақы болатынын білетін.
Кайдзен әдісінің басты мәні – өндіріс процесін үздіксіз жетілдіріу екені белгілі. Бүгінгі таңда әлемнің алпауыт корпорациялары мен компаниялары, жетекші өндіріс орындары дәл осы әдіс аясында нәтижелі жұмыс жүргізіп отыр. Осы тұста, Кайдзеннің өндірістегі тиімді қағидаларын назарларыңызға ұсынбақпыз:
- Мәселелерді ашық талқылаңыз:
Бюрократиялық ұйымдардың тиімсіздігінің басты себебі де осында, өйткені оларда бәрі жасырын, шешімді тек басшылар қабылдайды, талқылау жоқ, қажетті ақпараттың дер кезінде берілмеуі мен бұрмаланулар көңіл құлазытады.
Шешімі табылмай шиеленіскен мәселелер әрдайым кездеседі. Сондықтан оларды жасырмау керек, керісінше, талқылауға жіберіп, шешемін табуға қадам жасау қажет. Арифметикалық есептегі секілді жауабын іздемей, мәселені шешу мүмкін емес. Өзімізше айтсақ, «мәселеден қашып емес, шешіп құтылу керек»
- Қызметкерлердің ұсыныстарын қабылдау:
Қызметкерлер - ең үлкен құндылық. Генри Форд өзінің еңбегінде өз жұмысшыларының күн сайын дерлік жұмыс процесін жақсартудың тың әдістерін ойлап тауып жатқандарын мақтанышпен жазған, соның арқасында зауыт ондаған, тіпті жүздеген мың долларларды үнемдеген. Әрине, қызметкерлер жұмыс үдерісін үдету үшін жасаған жанкешті еңбектеріне жақсы сыйақы болатынын білетін.
Қызметкерлер жақсартулармен айналысуға мүдделі болуы керек. Бірақ қазіргі уақытта барлық компанияларда жағдай олай емес. Жұмысшылар таңертең кеңсеге немесе зауытқа келіп, кешке өздері жұмыс істейтін компания жұмысына салғырт қараған күйде қайта кетеді.
Сондықтан, әрбір қызметкер жұмыс барысын жақсартуды, тіпті кішігірім болса да ұсыныс айта алатындай тиімді жүйе құрастыру қажет. Идеяны тек ұсынып қана қоймай, тиімділігін дәлелдеп шыға алса, аталмыш ұсынысты бүкіл компанияда жүзеге асыруға және жұмыс процесіне енгізуге атсалысуына мүмкіндік беріңіз. Және оған ақы төлеңіз.
- Қосымша шығындардан құтылыңыз:
Өндіріс орындарындағы қосымша шығындарға мыналар жатуы мүмкін:
- Қозғалыс: зауытта, жұмысшылар қажетсіз артық қозғалыстар жасайды және материал тым алыс.
- Уақыт: өндірістегі әрбір процесс уақытты талап етеді. Оны айтарлықтай азайта алатын кез келген адам пайда көреді.
- Ақаулықтар: қателіктер мен ақаулар неғұрылым ерте анықталса, соғұрлым көп уақыт пен ақшаны үнемдеуге мүмкіндік туады.
- Өнеркәсіп өндірісі: қажетті норма мөлшерінен көбірек тауар өндіретін болсаңыз, артық тауар қоймаларда кезек күтіп тұрып тұруға мәжбүр болады, ал бұл қосымша шығындарға әкеледі.
- Әрбір процесті біртіндеп жақсартыңыз:
Бизнес түрлі процестерден тұрады: өндіріс, есеп, қызмет көрсету, жеткізушілермен қарым-қатынас. Өндірістің оңтайлы циклына назар аудармасаңыз, сіз оны орындамайсыз, себебі сіз өзіңіздің бизнесіңіздің түрлі салаларында қиыншылықтарға, шығындар мен шығындарға үнемі тап боласыз. Бизнесте ешқандай мазасыздық жоқ, сондықтан бәрі жақсару керек: бизнес әр түрлі процестерден тұрады: өндіріс, есеп, қызмет көрсету, жеткізушілермен қарым-қатынас. Өндірістің оңтайлы циклына назар аудармасаңыз, сіз оны орындамайсыз, себебі сіз өзіңіздің бизнесіңіздің түрлі салаларында қиыншылықтарға, шығындар мен шығындарға үнемі тап боласыз. Бизнесте ештеңе жоқ, сондықтан бәрін жақсарту қажет.
Жұмыс үдерісін жетілдіру үшін алдымен процестің қанша және қандай кезеңдерден тұратынын түбегейлі түсінуіңіз керек. Содан кейін ғана олардың әрқайсысына талдау-сараптама жасап, қолайсыз, тиімсіз жойылуы мүмкін бөліктерін анықтау қажет.
- Үздіксіз жақсарту:
Дәл осы қағида "Кайдзеннің" негізгі бөлшегі. Бұл қағида өндірісте де өте маңызды рөлге ие.
Тұрақты жетілдірусіз прогресс тоқтайды: шығындар өседі, бағалардың күрт жоғарылайды, бәсекелестік басым болады.
- Адамзатқа құрмет:
Өндіріс адамзатпен, қоғаммен тығыз байланысты өмір сүреді. Көптеген компания басшыларының негізгі мақсаты - барынша көп ақша табу. Алайда, олар даму жолында, сауда нарығында қаржы жағынан да, абырой-беделден де айыралады.
Өндіріс басшылығы өз қызметкерлеріне де, клиенттер мен қоғамға да дұрыс қарым-қатынас жасауға міндетті. Әрбір жұмысшы өз еңбегінің еленіп, басшылық тарапынан бағаланып жатқанын сезіну қажет. Бұл өндіріс орнының дамуына ғана емес, сондай-ақ адамзаттың игілігіне де өз үлесін қосатындығын түсіну маңызды.
Тұтынушылар өздеріне жасалып жатқан құрмет пен қамқорлықты сезінуі керек. Қоғам үшін компаниялардың адами құндылықтарды дәріптеуі маңызды, қоршаған ортаның және болашақтың қамын ойлау компанияның жұмыс істеу принциптерінің алғышарты болуы тиіс.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір