• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
22 Тамыз, 02:06:36
Сенім үдесінен шыққан банк

19 Шілде, 2019 Оқиғалар

Жамбыл облысында ЖКО-дан қаза тапқан полицейлердің есімдері белгілі болды

Осы іс бойынша соталды тергеу шаралары ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі («Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы») бойынша жүріп жатыр.

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының аумағында жол-көлік оқиғасы салдарынан қаза тапқан полицейлердің есімі белгілі болды, — деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tarazy.kz сайтының дерегін негізге алып. 

«Өз міндетерін адал атқарып, қызмет бабында қаза болған полиция майоры Саят Қосдаулетұлы Тлеубердиевке жəне полиция аға сержанты Мұрат Базарқұлұлы Базарқұловқа əскери құрмет көрсетілді. Мойынқұм АПБ ғимаратының алдында қызмет бабында қаза болған милиция капитаны Б.Амантаевтің құрметіне орнатылған «Міндет, абырой, ерлік» ескерткішінің алдында АПБ жеке құрамы сапқа түзіліп, бір минут үнсіздіктен соң құрмет салюты үш дүркін атылып, əріптестерімізді соңғы сапарға шығарып салдық. Жатқан жері иманды, топырағы торқау болсын!», — делінген Мойынқұм полициясының Instagram желісіндегі парақшасында.

 nfhfp

Жамбыл облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлсара Мұхтарқұлова жоғарыда көрсетілген азаматтардың Мойынқұм аудандық полиция бөлімшесінің қызметкерлері болғанын және 13 шілдеде жұмыс бабында жүріп жол апатынан қаза тапқанын растады.

тараз

Тараз

тараз

Айта кетейік, 13 шілдеде Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы аумағында SsanYong маркалы автокөлік аударылып, салдарынан Мойынқұм аудандық полиция бөлімінің екі қызметкері және бір Өзбекстан Республикасының азаматы қаза тапты.

Кейінірек, Желіде полицейлер қаза тапқан жол апаты болған жерде түсірілген суреттер пайда болды.

Осы іс бойынша соталды тергеу шаралары ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі («Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы») бойынша жүріп жатыр.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір