• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
20 Тамыз, 09:04:56
Abyroikz ұлттық киімдер дүкендері желісінің басшысы: Сапалы адамнан ғана сапалы өнім шығады

19 Шілде, 2019 NEWS

Қызылордада баласы үшін анасы сотталды

Қазақстан тарихында кәмелет жасқа толмаған баласына көлік айдауға жол берген ата-анаға қатысты мұндай жаза алғаш рет қолданылды, деп жазады inbusiness.kz.

14 жастағы жасөспірімнің 2018 жылы 28 желтоқсанда Саида Абдулланы көлікпен қағып, артынша өлімге соқтырғаны елдің есінде. Қызылорда қаласының №2 соты ҚР ҚК 349-бабының 3-бөлімінде қарастырылған, яғни көлік айдауға құқы жоқ туған баласына көлік құралының рөліне отырғызғаны үшін Т. есімді азаматша кінәлі деп танылды. Ол сот залында қамауға алынып, сот сол әйелге бір жарым жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Бұл бапқа, сәйкес ең үлкен жаза – 3 жылға бас бостандығынан айыру. Сондай-ақ, сот әйелді 2 жылға көлік айдау құқығынан айырып, оған қосымша жаза тағайындады. Бұдан басқа, моральдық шығын келтіргені үшін әйелден 1 000 000 теңге өндіріп алынады.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір