• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 08:57:03
Алматы
+35°

Белгілі мексикалық журналист қазақстандық Геннадий Головкиннің ықтималды қарсыласының есімін атады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

«Мексикадағы тәуелсіздік күні мерекесінде мексикалық чемпионның жекпе-жегін жұртшылыққа тарту ету үшін шаршы алаңға Сауль Альварестің орнына Хайме Мунгия шығады. Оның қарсыласы ретінде Геннадий Головкин қарастырылуда. Кездесу Лас-Вегаста өту мүмкін» деп жазды журналист.

Хайме Мунгия WBO тұжырымы бойынша бірінші орта салмақтағы әлем чемпионы. Боксшылар былтыр кездесуі мүмкін еді. Алайда Невада штатының Атлетикалық комиссиясы мексикалық бұндай үлкен жекпе-жекке дайын еместігін желеу етіп кездесуге рұқсатын бермеген. Мексикалықтың жасы 22-де. Соған қарамастан GGG-ды жұдырықтасуға үнемі шақырып келеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір