• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 08:50:51
Алматы
+35°

20 Шілде, 2019 NEWS

Премьер-министр қоқыс тазалап жүр

«Мен бұл акцияның кеңінен таралатынына, жалпыреспубликалық шараға айналатынына және азаматтар арасында қолдауға ие болатынына сенемін. «Бірге – Таза Қазақстан» акциясы еліміздегі экологиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді», — деді Асқар Мамин.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қоянды су қоймасын тазарту бойынша «Бірге – Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі government.kz сайтының дерегін негізге алып. 

Экологиялық акция қатысушыларына сөзін арнаған ҚР Үкіметінің басшысы барлық өңірлердің әкімдерін, экологиялық белсенділерді, жастар ұйымдары мен еріктілерді осы бастаманы қолдауға шақырды.

«Мен бұл акцияның кеңінен таралатынына, жалпыреспубликалық шараға айналатынына және азаматтар арасында қолдауға ие болатынына сенемін. «Бірге – Таза Қазақстан» акциясы еліміздегі экологиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді», — деді Асқар Мамин.

Акцияға 1200-ден астам адам қатысты. Олардың ішінде ҚР Үкіметінің мүшелері, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі, Ақмола облысының әкімі, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың, дипломатиялық корпустың, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, студенттер, еріктілер бар.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір