• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
19 Тамыз, 23:19:29
Abyroikz ұлттық киімдер дүкендері желісінің басшысы: Сапалы адамнан ғана сапалы өнім шығады

20 Шілде, 2019 Әдебиет

Бүгін жас жазушы Мейіржан Жылқыбайдың қос кітабының тұсауы кесілді (фото)

Балаларға базарлығын арқалай келген кәріс елінің азаматтары балапандарды бір қуантып тастады

Бүгін Алматы қаласындағы Қазақ Ұлттық кітапханасында балалар жазушысы Мейіржан Жылқыбайдың қос кітабының тұсаукесері өтті деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Кітапханаға кірген бойда ұлттық киім киген қазақ қыздары қонақтарды қарсы алып, тұсаукесер өтетін залға жол сілтеп тұрды. Адам қарасы көп болды. Әлбетте, қонақтың жартысынан көбі - балалар және сонымен қатар, танымал жазушы, журналистер, ата-аналар болды. 

Кеш Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы директорының ақпараттық технологиялар және инновациялар жөніндегі орынбасар Искалиева Нүрия Аманғалиқызының құттықтау сөз сөйлеп, сахна төріне модераторды шақыруымен басталды.

Мейіржан Жылқыбай

Алдын ала дайындалған сахнада Азия Мәдениеті орталығы жанындағы театрдың әртістері Кеңес Дүйсеннің "Жыл қалай басталады?" атты ертегісінің негізінде қуыршақтардың сахналандырылған қойылымын қойды.

Мейіржан Жылқыбай

Бір сағатқа шамалас қойылған қойылымды қызыға тамашалаған балақайлар кәріс тілін түсінбесе де, көріністерден ертегінің мән-мағынасын түсініп, мәз-мейрам болып отырды. Сахналық қойылымнан соң шамалы үзілістен кейін кештің екінші бөлімі басталды.

Есей Жеңісұлы

Кешті белгілі журналист, жазушы Есей Жеңісұлы жүргізді.

Мейіржан Жылқыбай

Кештің екінші бөлімінде сахнаға Қазақстандағы Оңтүстік Корей Республикасы елшілігінің Алматыдағы өкілдігінің басшысы, Бас Консул И Чин Хо және Корей Республикасы Азия Мәдениеті орталығының Халықаралық қатынастар бойынша сарапшы, тарих ғылымдарының кандидаты Чжон Бонсу мырза шақырылып, құттықтау сөздері сөйленді.

Мейіржан Жылқыбай

Одан кейін  кеш себепкері - Мейіржан Жылқыбайдың Корей елінде үш тілде басылып шыққан "Батыр қоян" және "Тауға саяхат" кітаптарының лентасын қию үшін сахнаға драматург, "Платинды Тарлан" тәуелсіз сыйлығының иегері Дулат Исабеков, жазушы Кеңес Дүйсен және Корей делегациясының өкілі шақырылды. 

Мейіржан Жылқыбай

Лентасы қиылып, құттықтау сөздері сөйленген соң автор кеш қонақтарына кітаптарын таныстырды. 

Артынша аталған кітаптың бірі - "Батыр қоян" бойынша салынған суреттер негізінде құрастырылған мультфильм көрсетілді. Экранда кәріс тілінде жазылған мультфильм балаларға қазақ тілінде  түсінікті етіп жеткізілді. 

Мейіржан Жылқыбай

Кештің үшінші бөлімінде музыкалық бағдарламада домбыра шертіліп, ән шырқалды.

Кеш соңында балақайларға арнайы дайындалған сыйлық - "Батыр қоян" кітабы, боямағы және түрлі-түсті қарындаштар тегін таратылды. 

 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір