• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 21:16:22
Алматы
+35°

21 Шілде, 2019 Саясат

Көптен көрінбей кеткен Назарбаев мәлімдеме жасады

Құрметті металлургия саласының еңбеккерлері мен ардагерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Металлург күнімен құттықтаймын!

Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың металлургия саласының еңбеккерлері мен ардагерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

"Құрметті металлургия саласының еңбеккерлері мен ардагерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Металлург күнімен құттықтаймын!
Бұл мейрам сіздерге деген құрметтің және ерен еңбектеріңізді мойындаудың символы саналады. 
Кезінде маған маңызды өмірлік тәжірибе берген, қайратымды шыңдаған және сенімді достар табуға септігін тигізген металлург кәсібін таңдағанымды мақтан етемін.
Бүгінде еліміздің кәсіпорындарында жоғары білікті мыңдаған металлург – еңбекқор, жауапкершілігі жоғары және мықты азаматтар жұмыс істеуде. Солардың өз ісіне адалдығы мен шеберлігінің арқасында бүкіл еліміздің экономикалық өсімінің берік негізін қалыптастыра алдық.
Қазақстандағы металлургия саласы дамудың инновациялық жолына түсіп, өндірістік ұжымдарымызға болашаққа нық сеніммен қарауға мүмкіндік береді.
Сіздер алдағы уақытта да тәуелсіз Қазақстанның игілігі үшін жаңа кәсіби жетістіктерге ұмтылып, адал еңбек ететіндеріңізге сенемін.
Баршаңызға зор денсаулық, сарқылмас күш-қуат, туған-туысқандарыңызға бақ-береке тілеймін!", - деп жазылған Elbasy.kz сайтында жарияланған жеделхатта.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір