21 Шілде, 2019 Саясат
Тоқаев: "Президент" дегенді естігенде, Назарбаев келген екен деп ойладым

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік журналист Алексей Пивоваровтың "Президент 2.0" деректі фильмінде алғаш рет өзі және отбасы туралы айтты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Деректі фильмді қазақстандықтар 21 шілде күні сағат 22:00-де 31-арнадан тамашалай алады. Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің отбасы туралы, тағдырларына XX ғасырдағы Қазақстан тарихының қаралы беттері қалай әсер еткенін айтады.
"Алғашқы күндері жаңа лауазымға үйренбедім. Әсіресе, көпшілік жиналған іс-шараларда үйреншікті болған жоқ. "Президент, президент" дегенді естігенде, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев келіп қалған шығар деп ойлайтынмын. Бірақ бұл уақытша ғана нәрсе екен, жақсы нәрсеге тез үйренесің", - деді Тоқаев сұқбат барысында.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру
пікір