• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 13:25:46
+35°

22 Шілде, 2019 NEWS

Тоқаев Скриптонитке қатысты пікір білдірді (видео)

Мемлекет басшысының Скриптонит туралы пікірін ресейлік журналист Алексей Пивоваров Президентпен сұхбаты барысында сұрады. Сұхбат "31 арнада" көрсетілген. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев танымал қазақстандық рэп-орындаушы Скриптониттің туындыларын бірнеше рет тыңдағанын айтты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысының Скриптонит туралы пікірін ресейлік журналист Алексей Пивоваров Президентпен сұхбаты барысында сұрады. Сұхбат "31 арнада" көрсетілген. 

"Оны бірнеше рет тыңдадым, бірақ әніне терең бойлап, оны түсініп кеттім деп айта алмаймын. Бірақ бұл бағытта бір нәрсе істеуге уәде беремін", - деді Тоқаев.

Сондай-ақ, Президент Димаш Құдайбергеннің табысы туралы да ойын айтты.  "Қытай халқын, енді Ресейді таңғалдырған Димашпен мақтанамыз, ол Кремль сарайында бірнеше рет концерт берді. Аншлаг, толық аншлаг", - деді Мемлекет басшысы. 

Әділ "Скриптонит" Жәлелов - танымал қазақстандық рэп-орындаушы, музыкант. Ол 1990 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. Скриптонит бірнеше жыл бойы ресейлік танымал рэпер Бастамен бірге Gazgolder лейблінде болған. Қазір жеке шығармашылығымен қатар, Gruppa Skryptonite жобасын қолға алған. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір