• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 04:30:52
+35°

22 Шілде, 2019 Тағайындау

Тоқаевтың жаңа көмекшісі тағайындалды

Мемлекет басшысының Өкімімен Аида Ғалымқызы Балаева басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа көмекшісі тағайындалды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.
 
"Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалсын",- делінген президент Жарлығында.
 
Аида Балаева Ғалымқызы 1974 жылы Алматы облысы Жамбыл ауданы Жамбыл ауылында дүниеге келген. 2000 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік уни-верситетін «орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген. 2007 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. 1999 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. Қызметін Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Алматы облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының қоғамдық-саяси процестерді талдау және үйлестіру бөлімінің жетекші маманы болып бастаған. Аталған министрлік жүйесінде 2004 жылға дейін жетекші ма-маннан бастап Алматы қаласының Ақпарат басқармасы бастығының міндетін атқарушысына дейін түрлі қызметтер атқарған. 2004 жылы Алматы қаласының Ішкі саясат департаменті бастығы директорының бірінші орынбасары болып тағайындалды. 2006 жылы Алматы қаласының Ішкі саясат департаментінің директоры болып ауысты. 2008 жылдың 16 сәуірінен бастап Астана қаласы Ішкі саясат департаментінің директоры, кейін басқарма бастығы болып жұмыс істейді. Кейіннен Алматы қаласының әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір