• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 16:38:09
Алматы
+35°

22 Шілде, 2019 Айтты-ей, бауырың!

Қосанов: "Сенімсіздіктің көкесі сол жақта емес пе?!"

Сол сенімді қайта қалпына келтірудің алғашқы қадамы - саяси тұтқындарды - Арон Атабекті, Мұқтар Жәкішевті, Макс Боқаевты бостандыққа шығару болса, сөзсіз, осы Кеңеске деген елдің көзқарасы оңала түсер еді!

Құрылып жатқан Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің жұмысы баянды болуы үшін, ең алдымен, қоғам мен билік арасындағы жылдар бойына қордаланып, сіресіп, елдің еңсесін басып, сана мен жүректі, қоғамдық өмірдің барлық саласын биліп-төстеп алған сенімсіздіктен арылу керек!

1995 жылдан бері орнығып, Шаңырақ пен Жаңаөзен трагедиялары тұсында шарықтау шегіне жеткен ол сенімсіздіктен құтылу оңай емес. Ол үшін президенттің бір жарлығы жеткіліксіз.

Екінші жағынан, екі субъект арасындағы сенім - екіжақты процесс болуы керек. Және де екі тарап осы бастамаға шын ниетімен кірісуі керек сияқты. Билік өз ықтиярын танытты. Енді қоғам да алға бір қадам жасап, осы мүмкіндікті пайдаланып көргенінен еш әбестік не саяси қате көріп отырған жоқпын.

Көш жүр түзеле ме, жоқ па, көрейік. Кеңес сенімімізді ақтамаса, оны да айта жатармыз.

Ең бастысы, біздің жағдайда "сенім" деген термин саяси-бюрократиялық сипаттан гөрі моральдық, психологиялық, гуманистік мағынаға ие болып тұр.
Кеңес дәл сондай адами биіктікке қол жеткізе ала ма? Мәселе сонда!

Сол сенімді қайта қалпына келтірудің алғашқы қадамы - саяси тұтқындарды - Арон Атабекті, Мұқтар Жәкішевті, Макс Боқаевты бостандыққа шығару болса, сөзсіз, осы Кеңеске деген елдің көзқарасы оңала түсер еді!

PS. Бір ұсыныс. Осы тұрпатты кеңестер аймақтарда да болуы керек деп ойлаймын: сенімсіздіктің көкесі сол жақта емес пе?!

Әміржан Қосановтың фейсбук парақшасынан алынған

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір