• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 18:25:25
Алматы
+35°

22 Шілде, 2019 Тағайындау

Президент көмекшісі қызметінен босатылды

Тимур Мұратұлы Сүлейменов жаңа қызметке тағайындалды

Тимур Мұратұлы Сүлейменов жаңа қызметке тағайындалды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап. 

"Тимур Мұратұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі қызметінен босатылсын",- делінген қаулыда.

Тимур Мұратұлы1978 жылы 5 сәуірде туған

Павлодар мемлекеттік университетін, «Болашақ» бағдарламасы бойынша (АҚШ) Мэриленд университетін іскерлік әкімшілендіру магистрі мамандығы бойынша бітірген, Менеджмент, Қаржы саласындағы мамандығы бойынша магистр, Ұлыбританиядағы Бухгалтерлер мен Аудиторлар Ассоциациясында сертификация.

2009 жылдан бастап 2012 жылға дейін Дүниежүзілік банктің менеджердің орынбасары және ЕҚҚДБ бойынша Қазақстандағы менеджердің орынбасары, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда вице-министрі қызметтерін атқарды.

2012 жылдың ақпан айынан 2016 жылдың желтоқсанына дейін - Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты бойынша Алқа Мүшесі (Министр).

2016 жылдың желтоқсанынан 2019 жылдың 1 наурызына дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі.

2019 жылдың 1 наурызынан 2019 жылдың 22 наурызына дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары.

2019 жылғы 22 наурыздан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі

2019 жылдың 2 сәуірінен Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Р.Склярдің № 186 «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ директорлар Кеңесі құрамының кейбір мәселелері туралы» бұйрығымен ол Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір