• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 18:07:26
Алматы
+35°

22 Шілде, 2019 Оқиғалар

Журналистерге белгісіз біреулер шабуыл жасады

Ғимараттың бірінші қабатында бірнеше әйел журналистерге түсіруге кедергі келтіріп, мән-жайды түсіндірместен шабуыл жасады.

Бүгін, 22 шілдеде Азаттық тілшісі Нұргүл Тапаева мен оператор Тоқмолда Құсайыновқа белгісіз біреулер шабуыл жасады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Азаттықтың дерегін негізге алып.

Азаттық тілшілері таңертеңгі сағат 11-де Алматыдағы адам құқықтары мен заңдылықты сақтау бюросындағы баспасөз жиынына барған. Ғимараттың бірінші қабатында бірнеше әйел журналистерге түсіруге кедергі келтіріп, мән-жайды түсіндірместен шабуыл жасады.

"Жиын басталмас бұрын жиырмаға жуық әйел келді. Олар шу шығарып, баспасөз жиынына келген журналистердің камерасын, ұялы телефондарын тартып алуға әрекет қылды. Жиынға келген өзге де адамдарға шабуыл жасады" деді бюро өкілі Сергей Дуванов.

Азаттық тілшілері бүгін адам құқықтары мен заңдылықты сақтау бюросындағы "Мемлекет аналар және балалармен күресіп отыр" деген тақырыпта өтуі тиіс баспасөз жиынына барған. Бұл жиынды ұйымдастырушылары елде тыйым салынған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысы (Қазақстан билігі сынаушы, қазір шетелде тұратын қуғындағы бұрынғы банкир Мұхтар Әблязов құрған) қызметіне қатысы бар деген күдікпен тұтқындалған алматылық көп балалы ана Оксана Шевчук пен жалғызбасты аналар Гүлзипа Жәукерова мен Жазира Демеуованың үстерінен қозғалған істердің мән-жайын айтпақшы болған.

.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір