• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 20:43:22
Алматы
+35°

Қазақ халқы ежелден бауырмал, қонақжай, жомарт халық екені баршамызға мәлім. Әсіресе, ел ішінде халқының жағдайын ойлап жүретін жомарт азаматтар жетерлік. Ондай азаматтар өздерінен артылғанын жанындағыларға беріп, жомарттығын ешқашанда  міндетсінбеген. Жамбыл облысының Шу ауданында да «алғанды емес бергенді» жөн көретін жомарт жүректі азаматтар жетіп артылады.

Жуырда ғана Шу ауданының әкімі Жарылқасын Айтақов туған жерінің түрленуіне барынша үлес қосып жүрген жомарт азматтырды жинап,  оларға республикалық «Жомарт жүрек» сыйлығын салтанатты түрде тапсырды. Аудан басшысы жомарттық танытқаны үшін марапатағандардың арасында түрлі саланың өкілдері болды.  
Атап айтсақ, туған жерінде ірі әлеуметтік жобаларды іске асырғаны үшін, аз қамтылған, көп балалы жанұяларға, жалғызілікті аналарға, ата-ананың қарауынсыз қалған жетім балаларға, мүгедектерге, зейнеткерлерге қайтарымсыз көмек көрсеткені үшін  «Жыл меценаты» номинациясы бойынша Болат Сауранбаев марапатталды. Айта кетейік, Шу ауданы Белбасар ауылының тумасы Болат Оспанұлы Сауранбаев өзінің туған ауылына заманауи үлгідегі футбол алаңын, зәулім мешіт және тағы басқа тұрғындардың керегіне жарайтын нысандар салып берген. Сондай-ақ, Болат Сауранбаевтың демеушілігімен 2018 жылдан бастап аталған ауылда халықаралық стандартқа сай спорт кешіні салынып жатыр.

Ал елді мекендерді аббаттандыруға, алеяларды, ескерткіштерді, балалар ойын алаңдарын реконструкциялауға және салуға, денсаулық сақтау, мәдениет, білім беру және спорт салаларына демеушілік көмек көрсетуге бағытталған әлеуметтік жобаларды іске асырғаны үшін «Туған өлке» номинациясы бойынша Сағадат Нұрмағамбетұлы Мадалиев марапатталды. Шу ауданы Балуан Шолақ ауылының тумасы Сағадат Мадалиев жуырда ғана көп балалы отбасына су жаңа үйдің кілтін табыстаған.

Сондай-ақ, аудан әкімі жарылқасын Айтақов белсенді азаматтық ұстанымы, әртүрлі бағыттағы кең ауқымды қайырымдылық қызметті жүзеге асырғаны үшін «Жыл тұлғасы» номинациясы бойынша Айдын Николаевич Жортаров марапаттады.

Ал әлеуметтік маңызы бар жобалар мен акцияларды тиімді жүзеге асырғаны үшін, қайырымдылық көмек берудің тиімді түрлерін енгізгені және қоғамдық маңызы бар шараларға  демеушілік жасағаны үшін «Жылдың үздік ұйымы» номинациясы бойынша Серік Уәшұлы Асатов марапатталды.

Волонтерлік қызметтерге белсенді қатысып, қоғамдық жұмыстарға атсалысқаны үшін «Ерен еріктілік» номинациясы бойынша Еркін

Бахытжанұлы Тулебаев, аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің маманы Қуат Ермекұлы Ақбаев марапатталды.

Салтантты жиын соңында мараптталған барша азаматтар үшін аудан әншілері әннен шашу шашты. 

Шымырбай Дулат

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір