• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 18:51:54
Алматы
+35°

29 Маусым, 2015 NEWS

Қазақстандық және шетелдік курорттардағы баға айырмашылығы (сараптама)

Жаз шықты. Арқа кеңейді. Жыл он екі ай жұмыста жүріп,  әбден қалжырағандар енді еңбек демалыстарын жақсы өткізуді көздейді. Біреулері  ауылға, туысқандарының...

Жаз шықты. Арқа кеңейді. Жыл он екі ай жұмыста жүріп,  әбден қалжырағандар енді еңбек демалыстарын жақсы өткізуді көздейді. Біреулері  ауылға, туысқандарының үйіне немесе  таулы аймақтарға кетеді. Ал енді біреулері демалыс уақыттарын Қазақстандағы демалыс орындарында өткізеді. Алайда көп жағдайда қазақстандықтар жаз шықса болды,  шетел асып кетуді әдетке айналдырып алған. Түркия, БАӘ, Малайзия т.б. Себеп біреу, қазақстандық демалыс орындарының бағасын әркімнің қалтасы көтере бермейді және көрсетілетін қызмен сапасы төмен. Бұл бәсекеге қабілеттілік жоқ дегенді білдіре ме? «Қамшы» порталы қазақстандық және шетелдік курорттық базалардың сервистеріне салыстырмалы түрде сараптама жасаған еді.

Былтырғы жылы ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі  «Қазақстан туризмнен жылына 10 миллиард доллар пайда табатын болады» деп жарияға жар салып еді. Айтпақшы Қазақстандағы туризмді дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасына да осы мақсат қойылған.  Табысы орташа қазақстандықтар әзірше шетелде демалғанды жөн көреді. Ал ел үкіметі ішкі туризмді дамытуды ғана емес, Қазақстанға шетелден туристерді тарту жоспарын да мәлімдеді.  Тұжырымдама туризм саласынан түсетін кірісті 10 миллиард 200 миллион долларға дейін, ал елге келетін туристер санын 8 миллион 500 мың адамға дейін жеткізу сияқты ірі міндеттер қойып отыр. Дегенмен, туристер мен сарапшылар, қарапайым қазақстандықтар оның орындалатынына сенбейді.

Сонымен, неге орташа табысты қазақстандықтар алыс-жақын шетелде демалғанды жөн көреді? Салыстырып көрейік.

Қазақстандық демалыс орындары:

Алматы қаласы және қала маңы

Біз Алматы қаласы маңында орналасқан 5 жұлдызды демалыс орындарының біріне қоңырау шалдық. 1 күндік демалыс үшін көрсетілетін қызмет сапасын, бағасын және демалысты жоғарғы деңгейде өткізу үшін қандай жағдайлар қарастырылатынын білдік. Бізге ұсынылған Прайст парақшада көрсетілген мәліметтер мынадай болды.

Жағажайда демалу үшін  дүйсенбі – жұма күндері  ересектер үшін  адам басына– 4500 теңге болса,  12 жасқа дейінгі балаларға тегін. Сенбі-жексенбі күндері жағажайға кіру құны – 7500 тг. Ал 12 жасқа дейінгі балалар үшін әдеттегідей тегін емес, 4000 теңге төлеуге міндетті. Айтпақшы, мұнда сүртінуге арналған орамалдардың өзі ақылы. Құны – 500 теңгеден басталады. VIP киім ауыстыру бөлмелері – 15 мың, VIP шатыр – ересектер үшін – 60 мың, балалар үшін 30 мың теңге. Лаундж аймақ – 100 000 теңгеден басталады. Мұның ішіне тамақ, сусын, т.б. кірмейді.  Ал егер бірнеше күндік тур үшін, қонақ үй алғыңыз келсе 2 адамға арналған котедж үйлердің құны – 50 мың теңгеден басталады. Мұның ішіне тек таңғы ас кіреді. Ал әрбір артық адам үшін – 5000 теңге. Сонымен, 1 күндік демалыс үшін – 1 адамға 183 мың теңге жұмсайды екенбіз. Әрине, демалысты көңілді өткізу үшін сіз жалғыз бармайсыз. Отбасыңыз, достарыңыз немесе әріптестеріңіз бар. Яғни, сіз жыл бойып тірнектеп тапқан қаражатыңызды бір-ақ күнде шашып жіберуіңіз мүмкін.

Ал Бурабайдағы демалыс орындарындағы 10 күндік жолдама құны 350 мың теңгеден басталады.

Шетелдегі жазғы демалыс маусымы

Жазғы еңбек демалыстарын ала салысымен, қазақстандықтардың басым көпшілігі  Түркияға бағыт алады. Неге? Ендігі жерде біз Қазақстандағы туристік агенттіктерге хабарласып, жазғы демалыс маусымын қандай елдерде өткізуге болатынын білдік. Қалтаға салмақ салмайтын әрі қызмет көрсету сапасы жоғары демалыс орындарын қайдан табуға болады?

Лаура Жапашева, туристік агент:

-Түркияның ең керемет деген демалыс орындарында жақсы уақыт өткізу үшін максималды қолайлылықтар жасалған. Мысалы, Анталиядағы теңіз жағасына 10 күнге бару үшін 2 адамға нәбәрі – 1800 доллар кетеді.  Мұның ішіне 4-5 жұлдызды қонақ үй, күніне 5 уақыт тамақ, тур, жағажай т.б. бәрі қамтылған. Ұшып бару, ұшып қайту құны осының ішіне кіреді.  Ал Бірікке Араб Әмірліктеріндегі демалыс орындарының бағасы сәл қымбаттау. Мұнда 10 күндік сапар үшін 2 адамға 2000 доллар кетеді. Ішіне 5 жұлдызды қонақ үйлер, 3 мезгіл тамақ,  виза, тур т.б. кіреді. Біз көшпелі туризммен айналысамыз. Шетелде біздің туристерді қуана қарсы алады. Қазақстандық қонақүйлермен салыстырғанда, оларда баға да арзан, инфрақұрылымы да жақсы. Қазақстан қонақүйлерінде баға тым қымбат, ал өркениеттің ізі де жоқ.

Түйін: Сандық көрсеткіштердің өздері-ақ, қазақстандықтардың шетелдерде демалуға құмар екендіктерін айғақтап тұр. Ал «қазақ туризмі туристерді қайтіп дамымақ» деген заңды сауал туындайды.

Яғни, әрбір демалушы сервисі төмен, бағасы қымбат демалыс орындарына гөрі, қызмет сапасы да, бағасы да қалыпды, қалта көқтерерлік шет елдерде демалғанды жөн санайды. Оған бола оларды айыптай алмайсыз. Сондықтан, қазақстандағы курорттық базаларға толықтай өзгерістер енгізетін, бағаны қолжетімді әрі тұрақты ету үшін реформа қабылдайтын уақыт жеткен болар.

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір