• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
22 Тамыз, 02:28:31
Сенім үдесінен шыққан банк

22 Шілде, 2019 NEWS

Полицияға көмектескен азаматқа 10 миллион теңге сыйақы төленді

11-12 шілдеде Павлодардағы полиция басқармасының орталық бөліміне алаяқтық фактісі бойынша 28 адам өтініш білдірген.

Kaspi-дің Қауіпсіздік қызметі Павлодар облыстық ІІД-мен бірлесіп, Kaspi-дің бұрынғы қызметкері, алаяқтық жасады деп айыпталған күдікті Руслан Сексембаевты тұтқындады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Жедел тергеу әрекеттерінің нәтижесінде күдікті 21 шілдеде Екібастұз қаласында ұсталды.

Сексембаев клиенттерге кепілдегі жылжымайтын мүлікті төмен бағаға сатып алуға көмек көрсетем деп уәде берген. Ол азаматтардың сеніміне кіріп, алдау арқылы оларды өзінің жеке шотына қаражат аударуға көндіріп, артынан бой тасалаған.

Күдіктіні ұстауға жәрдемдескені үшін Kaspi Сексембаевтың орналасқан жері туралы ақпарат берген азаматқа 10 миллион теңге мөлшерінде сыйақы төледі. Бұл азаматтың аты-жөні оның қауіпсіздігі мақсатында және тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 

Служба безопасности Kaspi совместно с ДВД Павлодарской области нашли и задержали подозреваемого в мошенничестве Руслана Сексембаева, бывшего сотрудника Kaspi. В результате следственных и оперативных действий, подозреваемый задержан 21 июля в городе Экибастузе. ⠀ Сексембаев обещал помощь и содействие в покупке залоговой недвижимости по низкой цене. Он вошел в доверие граждан, обманным путем убедил перевести средства на свой личный счет, а затем скрылся. ⠀ За помощь в поимке подозреваемого Kaspi выплатил вознаграждение в размере 10 миллионов тенге гражданину, предоставившему информацию о местонахождении Сексембаева. Имя гражданина не раскрывается в целях его безопасности и интересах следствия. ⠀ По завершении следствия Сексембаев предстанет перед судом и, мы надеемся, понесет наказание по всей строгости закона. Kaspi совместно с правоохранительными органами продолжает изучать и расследовать все обстоятельства данного преступления с целью выявления всех соучастников и защиты интересов клиентов. ⠀ *** ⠀ Kaspi-дің Қауіпсіздік қызметі Павлодар облыстық ІІД-мен бірлесіп, Kaspi-дің бұрынғы қызметкері, алаяқтық жасауда күдікті Руслан Сексембаевты тауып, тұтқынға алды. Жедел тергеу әрекеттерінің нәтижесінде күдікті 21 шілдеде Екібастұз қаласында ұсталған. ⠀ Сексембаев кепілдегі жылжымайтын мүлікті төмен бағаға сатып алуға көмек көрсетем деп уәде берген. Ол азаматтардың сеніміне кіріп, алдау арқылы оларды өзінің жеке шотына қаражат аударуға көндіріп, артынан бой тасалаған. ⠀ Күдіктіні ұстауға жәрдемдескені үшін Kaspi Сексембаевтың орналасқан жері туралы ақпарат берген азаматқа 10 миллион теңге мөлшерінде сыйақы төледі. Бұл азаматтың есімі оның қауіпсіздігі мақсатында және тергеу мүддесі үшін жария етілмейді. ⠀ Тергеу аяқталғаннан кейін Сексембаев сот алдында жауап береді және біз ол заң жүзінде қатаң жазаға тартылады деп үміттенеміз. Kaspi құқық қорғау органдарымен бірлесіп, оның барлық сыбайластарын анықтау, клиенттердің мүдделерін қорғау мақсатында осы қылмыстың барлық мән-жайларын зерттеуді және тергеуді жалғастырады.

Публикация от Kaspi.kz (@kaspi.kz)

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір