• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 09:09:32
Алматы
+35°

22 Шілде, 2019 NEWS

Арыста орын алған апаттың зардабын жоюға Ресей әскерилері де көмектеседі

"Бұл жерге Ресей делегациясы құрамында жарылыс салдарын жою кезінде минадан тазарту мәселелерінде консультациялық көмек көрсету үшін келдік"

Арыста орын алған апаттың зардабын жоюға Ресей әскерилері де көмектеседі деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.  Осы мақсатта Ресейден арнайы делегация келді. Оның құрамына жоғары санатты инженер-саперлер, Ресей федерациясы қарулы күштерінің зымыран- артиллериялық бөлімше мамандары енді. Мамандар жағдайды сараптап, әрі залалсыздындыру барысы жайында пікір білдірді.

"Бұл жерге Ресей делегациясы құрамында жарылыс салдарын жою кезінде минадан тазарту мәселелерінде консультациялық көмек көрсету үшін келдік.

Елді мекендегі залал ауқымы осы арсеналда қызмет өткеретін әскерилердің, өрт сөндіру есептоптарының уақтылы әрекет етуінің арқасында осындағы оқ-дәрілер мөлшерімен салыстырғанда барынша төмен.

Жарылғыш заттар, оқ-дәрілер сақталатын жерде жарылыстар болып тұрады, одан ешкім сақтандырылмаған.

Біріншіден, қала маңындағы елді мекен таза. Өте ауқымды жұмыс жүргізілген. Шын мәнінде, бұл жерде ауа райы температурасына қарамастан, тікелей жағдайда ауқымды жұмыс жүргізілген.  Сондай-ақ осы жерде қызмет өткеретін адамдар жоғары кәсіби шеберлікпен оқ-дәрілерді сақтаған. Осының арқасында арсеналдың екінші алаңы жарылысқа ұшыраған жоқ. Бұл жерде сақтауда тұрған оқ-дәрілер мөлшеріне қарағанда, жарылыс салдары өте төмен.  Бұл жердегі жұмыс ұйымдастыру мәселелерінен бастап жеке құрамның тікелей орындауды аяқтаумен кәсіби шеберлікпен істелуде.

Тиісінше бүгін эксперименттік жаруды жүргіздік. Осы жұмысқа Қазақстан Республикасы инженерлік әскерлерінің бастығы басшылық етті.  Осы жұмыс инженерлік әскерлер мамандары есептерінің дұрыс екенін тағы да растады. Біз бұл жерде көргеніміз, біздің ақпаратымыз бойынша төтенше жағдай аймағы болып табылатын қаланың сыртқы периметрі бойынша тазартуды жеке құрам, яғни инженерлік әскерлер төрт күнде жасап шыққан.  Әрине, бұл тек кәсіби шебер әскери қызметшілердің ғана қолынан келетін ауқымды жұмыс", - дейді Алексей Зотов.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір