• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
20 Тамыз, 15:39:53
Альпинистердің нақты қай жерде екені әлі белгісіз

23 Шілде, 2019 NEWS

Алматыда 800-ге жуық шетелдік құрықталды

Рейд барысында жеке құрылыс алаңдары, базарлар, тамақтану орындары, оқу орындары тексерілген.

Алматы қаласында заңсыз миграция мен құжаты жоқ өзге ел азаматтарын жұмыс күші ретінде пайдалану фактілерін айғақтау үшін жедел-профилактикалық "Заңсыз" шарасы өтті деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Жедел-профилактикалық шара барысында шетелдіктер құжатсыз, заңсыз жүруі мүмкін қоғамдық орындардың барлығы сүзіліп шықты.

"Шара барысындағы тексеруден кейін құрықталған 794 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Заңсыз жұмыс күшін қолданғаны үшін ҚР 168 азаматы айыппұл арқалады. Сондай-ақ, құжаты жоқ шетел азаматтарын жұмыспен қамтамасыз еткені үшін 56 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

336 құжатсыз шетел азаматы құрықталып, қылмыстық іске қатысы бар 196 өзге ел азаматы шекарадан тысқары шығарылған. Сонымен қатар, ЖПШ барысында 3 заңсыз миграция арнасын ұйымдастырған шетел азаматының үшстінен қылмыстық іс қозғалды", - дейді Алматы қаласы Полиция департаментінің Миграциялық қызмет басқармасының басшысы Асхат Бутунчинов.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір